Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Қашықтықтан оқыту режимінде тәрбиеленушілерге бейнесабақтар өткізу ата-аналар қауымдастығының сұраныстарын жеке әлеуметтік тапсырысты орындауды, сондай-ақ қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы тәрбиеленушілердің ата-аналарын қолдауды қанағаттандырады.
№5 “Қуаныш” балабақшасында ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық балаларын қашықтықтан оқыту ұйымдастырылып жатыр. Бекітілген оқу кестесіне сәйкес қашықтықтан ұйымдастырылған оқу қызметі өткізіледі. Мектеп алды даярлық тобында “Сауат ашу негіздері”, “Математика негіздері”, “Қоршаған орта негіздері”, ересек пен ортаңғы топтарында “Сөйлеуді дамыту”, “ Математика негіздері”, “Қоршаған орта негіздері” сонымен қатар орыс тілі, музыка пәндері де қашықтықтан жүргізіліп жатыр.
Жас топтарын ескере отырып, қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмыста слайд, жұмбақтар, ертегілер, сөзжұмбақтар немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - тәрбиешінің өзінің қатысуынсыз балалар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады.
№5 «Қуаныш» балабақшасының тәрбиешілері ата-аналарға WhatsApp желісі арқылы тапсырмаларды жіберіп, кері байланыста жұмыс жасап отыр. Қорыта келгенде, қашықтықтан оқыту бала мен тәрбиеші арасында қызықты өтуде. Тәрбиешілер слайд, видеороликтер мен видеосабақтарды сапалы түрде жасауды меңгеруде. Қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларымен кері байланыс қамтамасыз етіледі.