АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Монотипия

 

Монотипия- «Monos» — бір «typos» — басылым деген ұғымды білдіреді.
Монотипияның техникасымен әр түрлі бояулардын және жіптің көмегімен әдемі суреттер жасауға болады. Психологияда және педагогикада монотипияны мектепке дейінгі балаларға елестету, дамыту үшін қолданады. 

Шығармашылық  тұлғаны қалыптастыру –  қазіргі кезеңдегі педагогикалық теория мен тәжірибенің маңызды мәселелерінің бірі.Оны мектепке дейін дамыту тиімді. В.А. Сухомлинский айтқандай: «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан, шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды.Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады».  Мектепке дейінгі жастағы бала өзінің эстетикалық дамуында қарапайым көрнекі-сезімдік әсерінен түпнұсқалық кейіптің жасалуына бейнелеу-мәнерлеу әдістері арқылы өтеді.Сондықтан оның шығармашылығының негізін қалау керек. Неғұрлым бала жақсы  көрсе, естісе,күйінсе, соғұрлым қиялдау әрекеттері маңызды және нәтижелі болады.

.Өзім үшін келесі бейнелеу әрекетінің басқару критерийлерін айқын белгіледім, олар :балалардың шығармашылық даму ерекшеліктерін ескеру,олардың өзгешілігін байқау,әдепті түрде баланың дербестігі мен ықыласын қолдау,қажетті дағдыларды меңгеруіне әрекет жасау.  

Әсіресе балалардың ой-өрісін дамытуға, өзгеше ойлауға, шығармашылық белсенділігін арттыруға көмектесетін   дәстүрлі емес бейнелеу тәсілдері қызықтырды.

Дәстүрлі емес бейнелеудің жолдары өзгеше құралдар мен материалдардың байланысуын көрсетеді.Әрине,бұл техникалардың құндылығы  оның жан-жақты пайдалануында. Оның жасалу тәсілдері балаларға да, ересектерге де қызықты және қолайлы.

Сондықтан да дәстүрлі емес әдістер балалар үшін тартымды,өйткені өзінің қиялын, ықыласын, ойын толық білдіруге үлкен мүмкіндіктер береді.

Бұл міндеттерді сурет оқу қызметінде жүзеге асырамын. Балаларға сурет арқылы өз ойын, сезімін, уайымын, көңіл-күйін білдіруіне шектеу қойылмайды.Түрлі тәсілдерді қолдану арқылы  түрлі түсті дақтар мен сызықтардан танымал бейнені тауып, оны безендіруге мүмкіндік тудырады.

Сабақтар суретшінің шығармашылық процессіне сай кезеңдерден өтетін алуан түрлі материалдар арқылы педагог пен балалардың жасампаз, шығармашылық жұмысына айналады. Бұл сабақтар қиял, шығармашылық , дербестік бұлағының рөлін атқарады.

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 07.04.2021 14:18
Құрылған күні: 07.04.2021 14:21

Текст