Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
№5 «Қуаныш» балабақшасыны
мектепалды даярлық
тобының тәрбиешісі
Киребаева Гульнар Султанбековна
"Шыныда сурет салу"
Мектепке дейінгі жастағы балаларға әрбір ұйымдастырылған оқу қызметін түрлендіру, қызығушылықтарын ояту.
Балаларды сурет салғанда ертегілер сюжетін, өздері ұнататын кейіпкерлерге тән сипаттарды бере білуге баулу; түрлі тәсілдермен бейнелеу дағдыларын нығайту.
Оқу қызметтерін дәстүрден тыс үрдісімен өткізу балалардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытады.
Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға,өнерді қабылдау тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық
пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Ал, шыныда сурет салу тіпті балаларға өте жақсы әсер етеді. Балалар бар қызығушылықпен суретті салуға тырысады.
Психологиялық тұрғысынан балаларды тыныштандырады және танымдық қабілеттерін дамытады.
Шыныда сурет салу әдісі адамзат баласына ежелгі заманнан бастап белгілі болған. Мысыр елінен бастау алып Италия мемлекетіне дейін жеткен. Шыныға суретті салғанда ыдыстар басқа, көзге әдемі болып көрінетін. Сол уақыттан бастап осы тәсіл кеңінен тарап кетті.