Түскі ұйқыдан кейін баланы сергіту гимнастикасы

Түскі ұйқыдан кейін баланы сергіту гимнастикасы оның дене бітіміне жайлылық және психологиялық жағымды әсер береді.
Ұйқыдан кейінгі сергіту жаттығуларының түрлері:
1.Төсек үсті жаттығулары мен өзін-өзі массаж.
2.Ойын түріндегі массаждар.
3.Әр түрлі массажды құралдарды пайдалану арқылы жаттығу жасау.
4.Табанға арналған кілемшелер үстімен жүру.
5.Шынықтыру-сауықтыру.
6.Музыкалы-ырғақты жаттығулар.
Сергіту жаттығулары аяқталған соң міндетті түрде мәдени-гигиеналық талаптар орындалу керек .