АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білікті баланы білімді маман тәрбиелейді»

 

 

                                                                 Кабдушева Жайнагуль Байбатыровна

                                         № 3 «Бүлдіршін»

  ересек тобының тәрбиешісі

 

     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ел байлығы деген не?», «Ол-білім,ол жаңа технология,ол бәрінен бұрын отаншылдық сезім» деген болатын «Дүниенің кілті оқу білімде» деген ата сөзін ұстана отырып, жылдармен жаңаланып ақпараттар ағына ілесіп,заман талабына сай көрініп жүрген Көкшетау қаласы Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжі туралы мақтанышпен айта аламын ,тарихы да,тәжірибесі де бай,білім шаңырағы 30 жыл бойы кәсіби сапалы мамандар даярлау бойынша жұмыстар жүргізіп келеді.

Елімізбен тағдырлас білім ордасы мемлекетімізбен бірге жетіліп өркендеп,бүгінгі таңда «Қазақ жоғары педагогикалық колледжі мәртебесіне ие болды.Бүтіндей бір елдің қаншама буын ұрпағын тәрбиелеп шығарған киелі шаңырақтың ел тарихындағы алатын орны ерекше.Жоғары колледж қабырғасында білім алып жүрген бүгінгі студент,ертеңгі жас маман.Сондықтан жас ұрпақтан жан-жақты терең білімді интеллектуалдық деңгейі жоғары,ойы,сөзі кемел адамды тәрбиелеу-сол жас маманның қолында.Заманауи талаптарға жауап бере алатын білімді де,білікті маман даярлау да және тәжірибе жинақтауға,біздің №5 «Қуаныш» балабақшасымен Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ колледжі арасында әлеуметтік серіктестік құрылып тығыз жұмыстар жүргізілуде.Біздің балабақшамыздың жалпы қызметкерлері осы айтулы білім ордасынан тәлім алып,жас ұрпаққа тәрбие беруде еңбек етіп келеді.Нақтырақ тоқталсам мен осы оқу орнының  түлегімін .2001 жылы осы колледжге түсіп 2004 жылы  бітірдім. Қазір аталмыш балабақшада  тәрбиеші қызметін атқарудамын.Бүгінгі күні біздің колледж-техникалық жне кәсіптік білім беру жүйесі қазіргі заман болашағы бар оқу орны.Колледждің  материалдық  техникалық базасы өте мықты.Ғимараттың іші жылы,таза және жайлы.Оқу орнындағы оқыту жағдайының да өте жоғары деңгейде екендігін айта кету керек.Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ колледжінің әр бір ұстазы қазіргі  заман талабына сай білімді, кәсіби шеберлігі жоғары,рухани  дамыған,шығармашыл, педагогиклық технологияларды меңгерген.Колледж студенттері практика барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен келеді.Студенттердің  кәсіби әрекеті мазмұнды  материалдардың  негізінде,кәсіби практика  барысында  көрінеді.Қазіргі таңда білім саласына еңгізіліп жатқан реформалар ұстаздардан зор білімді, біліктілікті талап етеді.

Сол себептен,колледж түлектері-қазіргі инновациялық өзгерістерге беймделген.Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденуге бағдарланған және балалармен шығармашылық  ізденіс-жұмыстарын  жүргізе  алатын  дәрежеде,- деп айтсам артық болмас.

Біздің балабақшамыз  Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ колледжімен байланыста жұмыс жасайды,колледжібен байланыс  жылдан жылға нығаюда. Біздің балабақшамызға келетін болсам 2007 жылы ашылды,қазіргі таңда балабақшада 10 топ жұмыс істейді.Ұжымның жұмысын бір арнаға бағыттап, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруді іскерлікпен ұйымдастырып отырған балабақша меңгерушісі- Байкенова Сағила  Баймырзақызы  қиын да, қызықты қызметін абыроймен атқарып келеді.Сағила  Баймырзақызы- өз мамандығының  шебері,үнемі шығармашылық  пен ізденіс аясында еңбек етуде.Ұжымда сыйлы,ата-аналармен жүздесіп, үнемі кеңес беріп отырады. №5 «Қуаныш» балабақшамыздың жетістігі баршылық.Балабақшамыздағы  нәтижелі оқу іс-әрекеті,жоспарлы  түрде жүзеге асуда,жыл бойы өтілетін мерекелік іс-шаралар балабақшаның меңгерушісі –Байкенова Сағила  Баймырзақызының іскерлігінің  нәтижесі.Жұмысының  бірқалыпты  жүруі,ұжымның тұрақты әрі толық болуы өзара түсінушілік пен сыйластықтың арқасында, балалардың денсаулығына  қатты көңіл бөлініп, салауатты  өмір салтын дұрыс жолға қойған.Жан тазалығына тән тазалығы  жарасқан  меңгерушінің басты талаптарының бірі де –тазалық. Қазіргі кезде халық назарын аударып отырған басты мәселе –мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие білім жұмыстарының мазмұнын,міндетін жаңарту.Сондықтан балаларға білім беруді  тиімді жолдарын  іздестіру –өзекті мәселелердің бірі.Білім мен тәрбие нәрі балабақшадан басталады.Балабақшада оқу-тәрбие,өнер-білім жұмысы жоспарлы түрде жүргізіледі. Қазіргі кезде балабақшамыз осы заманға сай  құрал-жабдықтар мен  көрнекіліктермен қамтамсыз етілген. Балабақшамызда 2019 жылдан бастап  ертеден  келе жатқан «Рухани жаңғыру» халқымыздың   мұрасын  қайта жандандыру үшін  көптеген жумыстар атқарылуда.Балабақша бөлмелері,әрбір топтарда «Рухани жаңғыру» бұрыштары ұйымдастырылған  және педагогтардың  жылдық жоспары  бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жүргізілетін жұмыстарымыз  тәрбиелік мазмұны,бүлдіршіндеріміздің ана тілді меңгеруі,тәрбиешілеріміздің өзіндік талап-талғамы мен ізденімпаздығы,шығармашылығы, топтардың безендірілуі,ата-аналармен қарым-қатынастың  деңгейі ерекше.Балабақша ауласында кіргеннен-ақ көңілге жылулық  сезімі ұялайды.Ауланың көгалдандырылуы,балабақшаның ішкі  безендірілуі,көңілге қонарлық.Балабаша ата-аналары  балаларының осы балабақшаға келетініне өте қуанышты.Балабақшадағы  жүргізілетін ең маңызды жүмыстың бірі- ата-аналармен тығыз байланыс орнату.Олар ата-аналар жиналыстары, күнделікті қарым-қатынас, ашық есік күндері ертеңгіліктерге қатысу,ата-аналардың қатысуымен өткізілетін ойын-сауықтар болып табылады.Бүгінгі таңда ата-аналардың көбі орысша оқып өскендіктен,тәрбиешілердің алдына қойған мақсаттарды орындау кезінде қиындықтар тудырып отырады,бірақ «Бірлесе көтерген жүк жеңіл»- демекші төзімділік бар жерде істің алға басары белгілі.Ертеңгіліктер мен ашық есік күндеріне ата-аналарымыз белсене қатысып,ризашылығын білдіруде.Балабақшада үйренген ән, тақпақ,ертегі,мақал-мәтелді үйде отбасында қайталап отырса, «Бүгін не үйрендің?»- деп баладан сұраса,баланың білім мен өнерге деген талпынысы артып,білім  деңгейінің  көрсеткіші жоғарылайтыны белгілі.Баланың жеке тұлға ретінде дамуына ойын түрлерін ұйымдастыру мен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу бағыты жоғары көрсеткіш береді.Таңертеңгі сәлемдесу,қоштасу,ас қайыру сияқты бала бойында із қалдырады.Ұлттық тәрбиемен қатар балабақшада отаншылдыққа тәрбиелеу сәбилер тобынан бастау алып,ересек топтарға дейін жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

Балалардың өзіне-өзі қызмет етуі,үлкендерге көмек көрсету табиғат бұрышындағы еңбектері балалардың тұлға ретінде дамуының көрсеткіші болып табылады.Қазіргі заманға сай ақпараттық технологияларды меңгере отырып,балалардың дамуын қадағалау, әрбір педагог –маманның жауапты міндеті.Білім беру саласында көп қолданыста жүрген  АКТ құралдары:интерактивті тақта,теледидар, «Ақылды қоян», «Дана қалам», «Электронды киіз үй»т.б. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы да кең қолданыста. Біздің балабақшамызда осы бір маңызды бағыттан  құр қалмауда.Барлық педагог- мамандар өзінің  кәсіби біліктілігін көтеріп,компьютерлік  сауаттылықты меңгеруде. Педагогтар республикалық,облыстық,қалалық  семинарларға, курстарға қатысып білімдерін жетілдіреді, тәжірибе алмасады. Балабақшамыздың әсем де өнерлі бүлдіршіндері би, ән үйірмелеріне қатысып,тәрбиешілердің көмегімен респуликалық, облыстық деңгейде өткізілетін сайыстардан  жүлделі орындарға ие болып  жүр.Біздің балабақшадан ұшқан бүлдіршіндер өнер жолында да,білім саласында да биік асулардан көрініп жүргенін мақтан тұтамыз.Балабақшамыздың жақсы көрсеткіштерге жетуі тәрбиешілердің ізденісі,білімінің нәтижесі - деп білуге болады. Егеменді еліміздің ертеңгі жас ұрпақтың тәрбиесі,оқу-біліммен өлшенеді.Ол үшін жан-жақты ізденіс,шығармашылықпен жұмыс істеу заман талабы.Олай болса қиындығы мен қызығы мол еңбекте жақсы жаңалықтарымызмен көрінейік.Сондықтан да ұлттық  рухы  биік тұлға тәрбиелеудегі бүгінгі еңбектің ертеңгі жемісін бірге көрейік!

 

Жаңартылған күні: 24.12.2020 17:19
Құрылған күні: 24.12.2020 17:24

Текст