Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Бала бақшада біз кіші топтарда балалармен жұмыс жасау барысында балаларға қолайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасауымыз керек.Балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім мен дағды ,рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырамыз. Балалармен жұмыс жасау барысында олардың сенсорика саласын қалыптатыру,зейін қабылдау, ойлау,заттарды қолдану әрекеттерін ,түсті, пішінді және көлемді бағдарлауды дамытуды үйретеміз. Дыбыстарды дұрыс айтуға ,сөздік қорларын дамытуға, сөйлеуге баулыймыз.Артикуляциялық гимнастика жасатамыз.3-5 сөзден тұратын сөздер мен сөйлемдерді қайталатып айтқызамыз.Қысқа тақпақтар мен санамақтар жаттатамыз. Құрылыс материалдарын,кубиктерді пайдаланып түрлі заттарды құрастыруға дағдыландырамыз. Суреттер , кеспе суреттер құрастыру дағдыларын үйретеміз. Көбінесе балаларға ойындарды пайдалана отырып үйретеміз.Қуыршақ театрын пайдаланамыз.Балалар шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық танытады.Балалар үшін олардың жалпы дамуы мен әлеуметтенуі үшін ойындар ұйымдастырамыз.