АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2022-2О23 ОҚУ ЖЫЛЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

1. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптары өз қызметінде мынадай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_ «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293 «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_ «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000306_ «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000343_ Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000137 «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023469 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669 Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200008275 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235 Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017657 Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысандары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013227 Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000077_ Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005750_ Жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013272 Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015584 Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен 9 жарақтау стандарттары және оларға қойылатын талаптар https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018239 Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020883 Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020708 10

2. ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру қызметін: 1) «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Стандарт) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; 2) «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына; 3) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары); 4) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы); 5) мектепке дейінгі ұйымдар үшін әзірленген, өңірлік әдістемелік орталықтың ғылыми кеңесінде бекітілген және қолдануға ұсынылған білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша: - физикалық дамыту; - коммуникативтік дағдыларды дамыту; - танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту; - шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту; - әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады. Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік- 11 эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру келесі ұйымдастырылған ісәрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады: 1) дене шынықтыру (ерекше тәрбиеленушілер үшін бейімделген дене шынықтыру); 2) жүзу (жүзу бассейні болған кезде); 3) сөйлеуді дамыту; 4) көркем әдебиет; 5) сауат ашу негіздері; 6) қазақ тілі (оқыту басқа тілде жүргізілетін топтарда); 7) сенсорика; 8) математика негіздері; 9) құрастыру; 10) қоршаған ортамен таныстыру; 11) сурет салу; 12) мүсіндеу; 13) жапсыру; 14) музыка. Стандарт талаптарына сәйкес әзірленген Үлгілік оқу жоспарларында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған ісәрекеттер берілді. Ұйымдастырылған іс-әрекет - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінезқұлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын іс-әрекет. Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады. «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына үш рет дене шынықтыру нұсқаушысымен мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес жүргізіледі. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді, ол қимыл белсенділігі, денешынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгі жаттығу, сергіту сәті, шынықтыру шаралары), мәдени-гигеналық дағдылар, ойын әрекеті, дербес белсенді және т.б. әрекеттер арқылы күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады. 12 Балалардың дене белсенділігін арттыру үшін қимылды ойындарға соның ішінде ұлттық қимылды ойындарға басымдық беру және балалардың дербес қимылды әрекетін таңертең, таңғы астан соң, серуен кездерінде, ұйқыдан соң өткізу ұсынылады. Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қарастырады. Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, қазақ тілі (мектепке дейінгі ұйым кестесіне сәйкес аптасына ортаңғы және ересек топта бір рет, мектепалды топта 2 рет) ұйымдастырылған іс-әрекеті қарым-қатынас, заттық әрекет, ойын әрекеті, еңбек әрекеті, бейнелеу, шығармашылық әрекет (балаларға кітап оқып беру, кітаптарды, иллюстрацияларды қарау) театрландырылған, дербес және басқа да әрекет түрлері арқылы күн сайын күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады. Балалардың сөйлеуін тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерде ғана емес, күні бойы режимдік сәттерде, еркін ойын кезінде оларға түрлі сұрақтар қою (сұрақтарды қойғанда «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін жалпы сұрақтар немесе барлығы қосылып жауабын бірге айтуға арналған сұрақтар емес, әрбір бала жеке жауап бере алатындай сұрақтар) арқылы, балаларды көбірек сөйлесуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, олармен кез-келген мәселе бойынша әңгімелесіп, олардың пікірін тыңдау және т.б. арқылы дамыту ұсынылады. Ортаңғы топтан бастап мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады. Күн сайын балаларға кітаптарды оқып беру, балалардың оқылған, тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал ету, балалардың жасына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттату, кітаптардағы иллюстрацияларды көрсету және оларға түсініктеме беру, балалардың ойларын тыңдау, балаларға қызықты кітаптарды таңдау, ол үшін топта немесе мектепке дейінгі ұйымда балаларға арналған кітаптардан, сондай-ақ балаларға арналған аудио шығармалардан кітап бұрышын ұйымдастыруға болады. Балалардың өз бетінше, балалармен бірлесіп кітаптарды қарауына, тыңдалған шығармалардағы кейіпкерлердің әрекетін ойында қайталауға немесе ойдан кейіпкердің рөлін өзінше сомдауға және т.б. мүмкіндік беріледі. 13 o Тиімді ұсыныс кітап бұрышын жасау толықтыруға ата-аналарды тарту кітапты уақытша пайдалануға үйге беру ұйымдастырылған кітап бұрышын атааналардың балалармен бірге қолдануына жағдай жасау Балалардың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін мектепалды даярлық тобында Сауат ашу негіздері аптасына екі рет өткізіледі. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады. Бөбек жасы балалары үшін сенсорика бойынша заттарды, ойыншықтарды өз бетінше зерттеуіне көңіл бөлінеді, олардың түсін, пішінін, көлемін ажыратып, салыстыруға баулу көзделеді. Баланың затты немесе ойыншықты ұстап көріп, зерттеп, өздігінен тәжірибе жинақтауына басымдық беру ұсынылатын болғандықтан, педагог ауызша сөзбен айтып түсіндіруді барынша жетекші сұрақтарды жиі қолдану тәсіліне қарай бағыттағаны дұрыс болады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін математика негіздерін күн сайын дидактикалық ойындар, танымдық әңгімелер, бейнелеу және құрастыру әрекеті, эксперимент жасау, математикалық мазмұндағы театрландырылған әрекет, әңгіме, дербес және басқа да әрекеттер арқылы ойын түрінде ұйымдастыруға болады. Мұнда ұйымдастырылған іс-әрекет барысында берілген ұғым, түсініктерді (заттардың түсі, көлемі, пішіні, саны, кеңістікте орналасуы және т.б.) еркін ойында және режимдік сәттерде балалардың жасына сәйкес бекіту, ол үшін сәйкес сұрақтар қойып, балалардың жеке жауаптарын тыңдау, балалардың математика терминдерін қолданып жауап беруіне, заттарға өз бетінше зерттеу жүргізуіне игерген дағдыларын қолдануына мән беру ұсынылады. Қоршаған ортамен танысу күн сайын объектілер мен заттарды бақылау (тірі және өлі табиғат) зерттеу, материалдармен эксперимент жасау, педагогтің сәйкес ақпаратты оқып беруі, кітаптарды және иллюстрацияларды қарау, әңгімелесу, қарым-қатынас, ойын әрекеті арқылы іске асырылады. Мұнда балалардың заттарды қолмен ұстап, зерттеуі, олардың қасиеттеріне талдау жасауы, заттарды қолдануы, туындаған сұрақтарға жауап беруі, өз бетінше 14 сұрақтардың жауабын іздеуі мен табуы, алынған дағдыларды ойында қолдана алуы маңызды. Қоршаған ортамен танысу баланың «Мен» бейнесінің пайда болуына барынша ықпал етеді. Сол себепті отбасы, түрлі мамандықтар, ересектердің еңбегі, туған жер, Отан, отан қорғаушылар туралы және т.б. түсініктер мен дағдыларын, патриоттық сезімін қалыптастыру үшін балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтары, отбасылық құндылықтар арқылы тәрбиелеуге басымдық беру көзделеді. Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру күн сайын тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде ғана емес, сондай-ақ балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, басқа уақытта да ұйымдастырылады және бірнеше жұмыс түрі қатар жүруі мүмкін немесе көпшілігінің қалауы бойынша барлығы бір жұмыс түрімен айналысуына болады. Балалар айналадағы болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп, тәжірибе жинақтауы және дағдыларды игеруі үшін олардың қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашу ұсынылады, ол үшін балаларға жұмыс жасауға дайын үлгі беруді жиі қолданбау, бейнелеу құралдарын қолданып, бейнелерді, құрастыруларды өзбетінше жасауға ынталандыру, оларға еркіндік беру, тапсырманы шығармашылықпен орындауға баулу. «Музыка» ұйымдастырылған іс-әрекеті ерте, кіші, ортаңғы топтарда аптасына бір рет, ересек және мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында аптасына екі рет музыка жетекшісімен мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес жүргізіледі. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, балалар музыка аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандарты мен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнында: 1) тәрбиелеу-білім беру процесінің міндеттерін іске асыру; 2) ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұны; 3) білім беру іс-әрекетін тиімді кіріктіру; 4) сабақтастық принциптерін, тәрбие мен оқытудың үздіксіздігін қамтамасыз ету; 5) ұйымдастырылған іс-әрекеттің күтілетін нәтижелері қарастырылатын болады. 15 «Жаратылыстану» ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері «Қоршаған ортамен танысу» ұйымдастырылған іс-әрекетімен кіріктіріліп, шешілетін болады. Тәрбиелеу-білім беру процесі Перспективалық жоспарды ұйымдастырылған іс-әрекеттер бойынша тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыкалық жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін жылына бір рет жасайды. Перспективалық жоспарда әрбір ұйымдастырылған іс-әрекеттердің Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде бір айға міндеттері айқындалады. Циклограмманың ұйымдастырылған іс-әрекет бөлімінде мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес жүргізілетін денешынықтыру, қазақ тілі, сауат ашу негіздері және музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері толтырылады. Бұдан басқа ұйымдастырылған іс-әрекеттер түрлі балалар әрекеттері арқылы күні бойы күн тәртібіне сәйкес толтырылады және іске асырылады. Циклограмма әр аптаға құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, түрлі балалар әрекеттерін, серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, яғни балалардың үйге қайтуына дейін күн тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді. Циклограмманың құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрылады. Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар: - аптаның әрбір күніне Перспективалық жоспардағы ұйымдастырылған ісәрекеттердің міндеттеріне сәйкес балалармен өткізілетін әрекет түрлерін анықтау; - әрбір әрекет түрлерін өткізуде бағдарлама мазмұнын жүйелілік пен сабақтастық қағидасын сақтай отырып беру; - балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану; - әрбір балалар әрекетін ұйымдастыру үшін жайлы заттық дамытушы ортаны (орталықтарға бөлу және оның балаларға қолжетімді болуын қарастыру, оның мүмкіндіктерін барынша қолдану) құру. Тәрбиелеу-білім беру процесі:  перспективалық жоспарға (2-қосымша);  циклограммаға (3-қосымша);  бала дамуының мониторингі арқылы іске асырылады. 16 Педагогтің міндеті – өзінің түсіндіруіне көп уақыт бөлмей, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, түсіндіруді балалардың өзбетінше ой елегінен өткізіп, сұрақтарға жауап табуына, қолмен жасап, зерттеп, шешім шығаруына мүмкіндік беру. Ол үшін балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерін (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) ұйымдастыру. Баланы өзінің әлем туралы түсінігін құру құқығы мен мүмкіндігі бар және өз бетінше үйренуге белсенді қатысушы ретінде қабылдау. Балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыруда баланың ынтасын, пікірін және тілегін ескере отырып, ойын түрінде, барлық балалармен бір уақытта ғана емес, сонымен қатар шағын топтармен өткізу, балалар әрекетінің бірнеше түрі қатар ұйымдастырылған жағдайда балаларға аталған әрекеттердің бір түрінен өзін қызықтыратын басқа екінші әрекетке ауысуға рұқсат ету, қызығып орындап отырған баланы басқа балалармен бірге еріксіз келесі әрекетке көшірмеу ұсынылады. Сондай-ақ, ұйымдастырған іс-әрекеттерді, түрлі балалар әрекеттерін тек топ бөлмесінде үстел үстінде ғана емес, серуенде, ойын алаңында және т.б. балалар үшін жайлы жағдайларда күннің бірінші және екінші жартысында өткізуге болады. Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру және өткізу кезінде тәрбиеленушілердің қызығушылықтары, қажеттіліктері, жас және жеке ерекшеліктері ескеріледі. Ерекше және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту кезінде баланың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес үлгілік оқу, арнайы, жеке/бейімделген білім беру бағдарламалары қолданылады. Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінің тиімділігі, сондай-ақ баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі (бастапқы қыркүйекте аралық-қаңтарда және қорытынды-мамыр айында). Мониторингтің мақсаты: - баланың жетістіктерін қадағалау; - балаларды тәрбиелеу мен дамытуда жеке тәсілдерді қамтамасыз ету; - түзету іс-шараларын жедел жоспарлау негізінде білім беру процесін жетілдіру; - баланың Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау. Нәтижелер «Бақылау парағында» толтырылады. Алынған мәліметтер негізінде топтағы әрбір балаға Баланың жеке даму картасы толтырылады (4- қосымша). Мониторинг нәтижелері бойынша даму деңгейлері I, II деңгейдегі балалармен қосымша жеке жұмыстар жүргізіледі. Баланың жеке даму картасының «Дамыту, түзету іс-шаралары» бөлімінде мониторинг нәтижелері бойынша балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар баланы одан әрі дамыту іс-шараларын толтырады. Дамыту, тәрбиелеу және оқыту процестері тәсілдерін өзгерту Модельдің 22-35 т. 17 Педагогикалық диагностиканы тәрбиеші басқа да педагогикалық қызметкерлермен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін келесі кезеңдер бойынша ұйымдастырады: 1) 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – оқу жылы (Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру кезеңі); 2) 1 маусым мен 31 тамыз аралығында – жазғы сауықтыру кезеңі; Сондай-ақ мектепке дейiнгi ұйымдар мынадай негізгі мiндеттерді атқарады: 1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау; 2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау; 3) сапалы мектепалды даярлауды қамтамасыз ету; 4) азаматтылықты, қазақстандық патриотизмді, адам құқығы мен бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу; 5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қимыл жасау; 6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту Жас кезеңдері мынадай: 1) бөбек жасы – 0 (жаңа туған балалар ) – 2 жастағы балалар; 2) мектепке дейінгі жас – 3-5 жастағы балалар. Жас топтары балалардың күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, оқу жылының басында жасақталады: ерте жас тобы – 1 жастағы балалар; кіші топ – 2 жастағы балалар; ортаңғы топ – 3 жастағы балалар; ересек топ – 4 жастағы балалар; мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып – 5 жастағы балалар. Мектепалды даярлық сыныптары 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында, жалпы бiлiм 18 беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы 30-бап). Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері: - балаларда оқу әрекетінің ұйымдастырылған мінез-құлқының дағдыларын қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық); - мектепке оқу үшін қажетті болашақ бірінші сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталық); - ұжымдық әрекетте бірлесіп әрекет ету дағдыларына тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.); - балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету; - баланың мектепке эмоционалды-оң көзқарасын, оқуға деген ынтасын дамыту. Мектепалды сыныптары тәрбиелеу-білім беру қызметін: 1) «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Стандарт) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; 2) «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына; 3) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары); 4) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша: 19 - физикалық дамыту; - коммуникативтік дағдыларды дамыту; - танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту; - шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту; - әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске асырылады. Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтікэмоционалдық дағдыларын қалыптастыру келесі ұйымдастырылған ісәрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады: 1) дене шынықтыру (ерекше тәрбиеленушілер үшін бейімделген дене шынықтыру); 2) жүзу (жүзу бассейні болған кезде); 3) сөйлеуді дамыту; 4) көркем әдебиет; 5) сауат ашу негіздері; 6) қазақ тілі (оқыту басқа тілде жүргізілетін топтарда); 7) сенсорика; 8) математика негіздері; 9) құрастыру; 10) қоршаған ортамен таныстыру; 11) сурет салу; 12) мүсіндеу; 13) жапсыру; 14) музыка. Стандарт талаптарына сәйкес әзірленген Үлгілік оқу жоспарларында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған ісәрекеттер берілді. Ұйымдастырылған іс-әрекет - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінезқұлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын іс-әрекет. Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады. 20 «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына үш сағат білім беру ұйымының кестесіне сәйкес жүргізіледі. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді, ол қимыл белсенділігі, денешынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгі жаттығу, сергіту сәті, шынықтыру шаралары), мәдени-гигеналық дағдылар, ойын әрекеті, дербес белсенді және т.б. әрекеттер арқылы күн тәртібіне сәйкес ұйымдастырылады. Балалардың дене белсенділігін арттыру үшін қимылды ойындарға соның ішінде ұлттық қимылды ойындарға басымдық беру және балалардың дербес қимылды әрекетін таңертең, таңғы астан соң, серуен кездерінде, ұйқыдан соң өткізу ұсынылады. Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді, қолдың ұсақ моторикасын және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды қарастырады. Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет, қазақ тілі ұйымдастырылған ісәрекеттері аптасына екі сағаттан білім беру ұйымының кестесіне сәйкес жүргізіледі. Балалардың сөйлеуін тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерде ғана емес, күні бойы режимдік сәттерде, еркін ойын кезінде оларға түрлі сұрақтар қою (сұрақтарды қойғанда «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін жалпы сұрақтар немесе барлығы қосылып жауабын бірге айтуға арналған сұрақтар емес, әрбір бала жеке жауап бере алатындай сұрақтар) арқылы, балаларды көбірек сөйлесуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, олармен кез-келген мәселе бойынша әңгімелесіп, олардың пікірін тыңдау және т.б. арқылы дамыту ұсынылады. Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады. Күн сайын балаларға кітаптарды оқып беру, балалардың оқылған, тыңдалған шығармалардан әсер алуына ықпал ету, балалардың жасына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттату, кітаптардағы иллюстрацияларды көрсету және оларға түсініктеме беру, балалардың ойларын тыңдау, балаларға қызықты кітаптарды таңдау, ол үшін сыныпта балаларға арналған кітаптардан, сондай-ақ балаларға арналған аудио шығармалардан кітап бұрышын ұйымдастыру ұсынылады. Балалардың өз бетінше, балалармен бірлесіп кітаптарды қарауына, 21 тыңдалған шығармалардағы кейіпкерлердің әрекетін ойында қайталауға немесе ойдан кейіпкердің рөлін өзінше сомдауға және т.б. мүмкіндік беру маңызды. Тиімді ұсыныс  кітап бұрышын жасау  толықтыруға ата-аналарды тарту  кітапты уақытша пайдалануға үйге беру  буккроссинг ұйымдастыру  сыныпта ұйымдастырылған кітап бұрышын ата-аналардың балалармен бірге қолдануына жағдай жасау Балалардың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін мектепалды даярлық сыныбында Сауат ашу негіздері аптасына үш сағат өткізіледі. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады. Мектепалды даярлық сыныптарында математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына үш сағат өткізіледі. Мектеп алды даярлық балалары үшін күн сайын танымдық, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға болады. Мұнда математикалық ұғымдарды (заттардың түсі, көлемі, пішіні, саны, кеңістікте орналасуы және т.б.) бекіту үшін сәйкес сұрақтар қойып, балалардың жеке жауаптарын тыңдау, балалардың математика терминдерін қолданып жауап беруіне, заттарға өз бетінше зерттеу жүргізуіне игерген дағдыларын қолдануына мән беру ұсынылады. Қоршаған ортамен танысу ұйымдастырылған іс-әрекеті аптасына екі сағат өткізіледі. Мұнда объектілер мен заттарды бақылау (тірі және өлі табиғат) зерттеу, материалдармен эксперимент жасау, педагогтің сәйкес ақпаратты оқып беруі, кітаптарды және иллюстрацияларды қарау, әңгімелесу, қарым-қатынас, ойын, еңбек және басқа да әрекеттер арқылы іске асырылады. Мұнда балалардың заттарды қолмен ұстап, зерттеуі, олардың қасиеттеріне талдау жасауы, заттарды қолдануы, туындаған сұрақтарға жауап беруі, өз бетінше сұрақтардың жауабын іздеуі мен табуы, алынған дағдыларды ойында қолдана алуы маңызды. Қоршаған ортамен танысу баланың «Мен» бейнесінің пайда болуына барынша ықпал етеді. Сол себепті отбасы, түрлі мамандықтар, ересектердің еңбегі, туған жер, Отан, отан қорғаушылар туралы және т.б. түсініктер мен дағдыларын, патриоттық сезімін қалыптастыру үшін балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтары, отбасылық құндылықтар арқылы тәрбиелеуге басымдық беру көзделеді. Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру аптасына бір сағат жүргізіледі, ал шығармашылық бейнелеу іс-әрекеті күн сайын балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастырылады және мұнда бірнеше іс-әрекет түрі қатар 22 жүруі мүмкін немесе көпшілігінің қалауы бойынша барлығы бір іс-әрекет түрімен айналысуына болады. Балалар айналадағы болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп, тәжірибе жинақтауы және дағдыларды игеруі үшін олардың қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашу ұсынылады, ол үшін балаларға жұмыс жасауға дайын үлгі беруді жиі қолданбау, бейнелеу құралдарын қолданып, бейнелерді, құрастыруларды өзбетінше жасауға ынталандыру, оларға еркіндік беру, тапсырманы шығармашылықпен орындауға баулу. «Музыка» ұйымдастырылған іс-әрекеті мектепалды даярлық сыныптарында аптасына екі рет білім беру ұйымының сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, балалар музыка аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінеді.

 

Жаңартылған күні: 30.04.2019 18:44
Құрылған күні: 18.10.2022 16:29

Текст