АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Келді міне,Жаңа жыл!

            Жыл сайын желтоқсан айының соңында барлық жастағы топ тәрбиеленушілері үшін біздің балабақшада мерекелік жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастырылады. Әдемі безендірілген топ іші, әсем шырша, керемет костюмдер, сыйлықтар, Аяз Ата, Ақшақар және басқа да ертегі кейіпкерлері біздің тәрбиеленушілерімізді күтті.

Түрлі-түсті, жарқыраған гирляндалар мен жарқын безендірілген шырша балаларға керемет сезім сыйлады. Қойылымның басынан бастап ертегі кейіпкерлері балаларды ертегінің сиқырлы әлеміне баулап алды. Барлық балалар өздерінің таланттарын көрсетті: би биледі, тақпақтарын айтты, ән айтты, ойнады. Ешкім бей-жай қалмады. Аяз Атаның қолынан шыққан балаларға сыйлықтар қуаныш пен эмоция тудырды!

Мерекелер өте көңілді және қуанышты болды, көптеген жағымды әсерлер мен эмоциялар қалдырды .

Мерекелерден кейін өздерінің көргендерін талқылады.

Ал біз үшін жаңа жылға ең жақсы сыйлық – балалардың бақытты көздерін көру .

Жаңартылған күні: 06.01.2021 13:18
Құрылған күні: 06.01.2021 13:18

Текст