Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Серуен –әр күн тәртібіндегі орны ерекше шара.Серуен төрт жыл мезгіліне байланысты жоспарланады.Серуен кезінде балалар табиғатпен таныса жүріп, байқампаз болуға үйренеді.Серуен арқылы балаға айнала қоршаған орта туралы көп мағлұмат беруге болады.Балалармен серуен кезінде өсімдіктер туралы көліктер мен адамдар туралы,ауа-райы құбылыстары туралы сөйлесу керек. Балалар табиғатты,күнді,желді,ағаштар мен жануарларды,құстарды бақылай алады. Егер тәрбиеші балаға көрсетіп,қызыққан затын түсіндіріп таныстырса бала көп нәрсені біледі.
Серуен кезінде балалармен бақылау жүргізіп, қимылды ойындар
ойнатып ,табиғатта еңбек ету керек. Қыс мезгілінде әрбір топтың ойын алаңын қардан тазартып ,балалардың емін-еркін жүруіне, жүгіруіне,ойнауларына жағдай жасаймыз.Балалар үлкендердің еңбек процесіне араласып бірге істеуге ұмтылады.
Серуен кезінде балалардың денелері шынығып,көңіл-күйлері көтеріледі.