АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ойынның бала оміріндегі манызы

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі.

Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық,белсенділік қасиеттер қалыптасады.

Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды.

Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді.

Ата-аналар  мен  тәрбиешілердің міндеті  бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық, сезімдерін қалыптастыру. Ойын барысында  балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділгі артады.

Ойын-балалардың, оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.

Көңіл-күйдің көтерілуі оқу әрекетіндегі үрдістердің жеңіл әрі қызықты өтуіне әсер етеді.

Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады.

Ойын мазмұны мен түріне қарай:  қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.

Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады.

Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады.

  Еліміздің ертеңі,ұлтымыздың болашағы-бүгінгі ұрпақтың өмірді танып,ой өрісінің өркен жайып рухани жетілуі үшін ойынның бала өміріндегі маңызы  зор.

 

«Қуаныш» бөбекжайының

ересек топ тәрбиешісі: Кабдушева Ж.Б.

Жаңартылған күні: 12.03.2021 15:00
Құрылған күні: 12.03.2021 15:00

Текст