Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Денсаулық ағзаның қалыпты жағдайын айналадағы қоршаған ортаның ықпалымен сыртқы ортамен тепе – теңдік жағдайды сақтау арқылы, аурулық өзгерістерді болмауын көрсететін табиғи күй.
Жалпы жетілдірушу жаттығулардың пайдасы: бұлшық ет жүйелерінің бір қалыпты дамуына және жаттығушы баланың бүкіл ағзасына жан – жақты ықпал үшін қолданамыз.Олардың өзгешелік ерекшелігі – белгілі бір бұлшық еттер тобының немесе буындардың жетілуіне елеулі әсер етуі. Жалпы нұсқаушы жаттығулар дененің қалыптарымен қозғалыстарын саналы түрде билеуін жетілдіруге, тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.Дене қуатын жан – жақты дамыту үшін бүлдүршіндерге дене тәрбиесі процесі кезінде қимыл шеберлігін, дағдысын,бастапқы икемділктерін игеруге көмектесу керекпіз.Сондықтан мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жеткіншектерді дене тәрбиесіне баулу және тәрбиелеу ісі негізгі мектепке дейін жүргізілгені жөн екенін бәрі біледі.
Тыныс алу жаттығулары шынықтыру процедуралары.
Сабақ – балалар бақшасында дене тәрбиесі жөніндегі, оқу жұмысының негізгі формасы. Сабақ дені сау тәрбиенушілердің барлығына міндетті болып табылады.. Олар балалардың белгілі бір жас тобындағы тұрақты құрамымен нақтылы кесте бойынша аптаның белгілі бір күнімен сағатында (І, ІІ орт.топта аптасына 2 – 3 рет)өткіземіз.Дене шынықтыру сабағында 3 бөлім қарастырылған.
І. Кіріспе бөлім – жас ерекшелігіне қарай минуттарға бөлінеді. Алдағы жаттығуларға қызығушылықтарын ояту, эмоцияны қосу.
ІІ. Негізгі бөлім. Мұнда жаңа сабақты қамтиды. Өткендерді қайталайды, қозғалыс барысында шеберліктерін және дағдыларын жетілдіру.
ІІІ. Қорытынды. Қозғалыс аз ойындар қамту.
Балалар заттармен жаттығу жасағанды жақсы көреді:олар саусақтың « маторикасы» қызметін дамытады, яғни баланың затпен жұмыс ептілігін арттырады және де сөйлеу мен интеллектін белсенді етеді: Сондықтан, затпен жаттығуға әр түрлі түсті, бірден көзге түсетін заттарды алған дұрыс.Балалар көбіне қимылды қозғалыс ойындармен ойнаған немесе жарысып ойындарды жақсы көреді.
Мысалы: біздің ортаңғы топ «Кім жылдам» ойын ойнап өздерінің қандай жылдам екенін көрсетті.Балалардың денесін жаттықтырып ғана қоймай, ойлау және қимыл қозғалыстарын дамытамыз.Ойын арқылы балалар ұйымшылдықтарын көрсетіп бір – біріне көмектесті.Балаларға дене шынықтыру сабағы ұнайды.
Балалар бірініші қатар – қатар жүріп шеңберге немесе қатар – қатар тұрып нұсқаушының көмегімен жаттығу жасайды. Жаттығулар баланың жас ерекшелігіне сай болуы керек.Сонда ғана бала дұрыс,әрі жеңіл жасайды.
"Қуаныш бөбекжайы" ортаңғы топ тәрбиешісі
Жұмабек Ахерке