Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Бала бақшада біз кіші топтарда балалардың саусақ моторикасын дамытуда Монтессори әдісін қолданамыз.Бұл әдістің тиімділігі балалар өзін –өзі тәрбиелеуге және ұқыпты болуға үйретеді.
Бұл әдістеме баланың назарын дамытуға, шығармашылық және логикалық ойлауға, сөйлеу қабілетін, қиалын, моториканы қалыптастыруға көмектеседі.Осы әдістеме айналадағы адамдармен араласу дағдысын меңгеруге септігін тигізетін ұжымдық ойындар мен тапсырмаларға аса мән беріледі.Сонымен қатар баланың ойын дамыту үшін күнделікті өмірдегі әдеттерді меңгеруіне көмектеседі.Біз жұмыста ұйымдастырылған оқу қызметтерінде және жеке балалармен жұмыс жасағанда көптеген ойындарды қолданамыз.Мысалы:геометриялыө пішіндер,баулары бар рамкалар, шулағыш қорапшалар, конструкциялы ұшбұрыштар,түрлі –түсті қақпақтар, кеңістік құмдар т.б.Балаларымыз осы әдіс арқылы түрлі қасиеттерді, түстерді, пішіндерді, кеңістікте қалай орналасуы туралы түсініктерді өте жақсы меңгереді.
Балалар өздеріне қызмет етуді, еркін қозғалуын, материалдармен ұзақ уақыт жұмыс жасауға, өздігінен жұмыс жасауға , өздігінен шешім қабылдауға, өз –өзіне деген сенімге, өз ойын ашық айта алуға, жеке жұмыс жасауға, бір – бірін сыйлауға, достық қарым- қатынасқа, өзін жеке тұлңа ретінде дамытады.
Мына суреттерден топтағы балалардың ойын арқылы іс әрекеттерін көруге болады.
«Қуаныш» бөбекжайы» МКҚК
ортаңғы топ тәрбиешісі- Ж.К.Шалкарбаева