АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала зейінінің тұрақтылығы

Баланың зейінін дамыту өте маңызды этап.Себебеі сөйлеу,ойлау,есте сақтау қабылдау үшін зейін керек! Бала бір затқа зейін қойғанда ғана  оны түсініп, есіне сақтап,айтуға талпынады.                                                                   Зейіннің нашар болуы-кейін мектепке барғанда да, баланың сабақты түсінуіне,алаңдамай назарын ұстап отыруына кедергі келтіреді.Сол себепті баланың дұрыс дамуы үшін-зейінін дамытуға кішкентайынан көңіл бөлген жөн!

Көп ата-ана  бала ең алдымен сөйлейді,содан соң ғана балада:                     Зейін;                                                                                                                                               Есте сақтау ;                                                                                                                                            ойлау;                                                                                                                       түсінік қалыптасады,- деп ойлайды.

Негізі барлығы керісінше алдымен балада,зейін қалыптасуы керек. Мысалы,балаңызға «балам,мынау-нан, мынау-алма, мынау-су»-деп түсіндіріп жатырсыз.Бірақ бала айтқаныңызға мән бермейді,тыңдамайды ұмытып қала береді,қайталамайды делік...Бұл не деген сөз? Балада зейін тұрақсыз,айтқаныңызға фокус қоя алмай тұр. Демек сіз алдымен сөйлетуге емес,зейінін тұрақтандыруға жұмыс жасауыңыз керек.Егер баланың зейіні тұрақтанса-бала сізді тыңдап,түсіне бастайды.Содан кейін сіздің артыңыздан қайталап,сөздерді айта бастайды.Зейіні тұрақсыз баланың сөйлеуі қиын. Ал,зейінді қалай дамытамыз? Қалай тұрақтандырамыз?

5 жасқа дейін бала ойнап қана дамиды,қызығады,ойыншықтармен ұзақ ойнап отыра алады. Сол себепті әрине ойыншықтар арқылы зейінді тұрақтандырамыз.  Баланың жас ерекшелігіне сай ,ойыншықтар таңдағаныңыз жөн.Мысалы: «Пирамида», «Магнитті ойыншықтар», «Ағаш пазлдар» «Магнитті планшет»

Жаңартылған күні: 27.02.2024 16:05
Құрылған күні: 27.02.2024 16:05

Текст