Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Қуаныш» бөбек жайында 22-Наурыз мерекесіне арналған апталық өткізілді. «Рухани Жаңғыру» бағытында: «Сәлемдесу күні», «Табиғат күні», «Құрмет күні»,«Ұлттық тағамдар күні» атты іс-шаралардың мақсаты, ұлтымыздың, еліміздің, ата-бабамыздар келе жатқан Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту,елін,жерін сүюге,дастархан сәні ол ұлттық тағамдарымыз екенің ескере отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ата-аналармен бірлесе жұмыс атқарып ұйымдастырылған мереке өз мәртебесіне жетті. Сондай ақ слайт көсетіліп ұлттық тағамдар жайлы білімдерін кеңейтті, ұлттық ойындар ойнатылды, шашу шашылып бата оқылды. Өскелен ұрпағымыз өз өнерлерін көрсете отырып, мерекеге арналған әндерімен тақпақтарын айтып, би биледі. Балалар сонымен қатар төрт түлік үй жануарымен танысып, өнім түрлерін атап берді. Ата –аналармен бірлесе ұйымдастырылған дастарған, төрден орын алып балалардың естерінде қалды. Балалар дастархан көркі ас екенін түсініп есте сақтап қалды. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен тәрбиелеген халық. Олай болса туған жердің салт дәстүрі жойылмай ұрпақтан ұрпаққа жете берсін.Ата-бабамыздың рухымен тәрбиесі дами берсін!
Ересек тобының тәрбиешісі: ОмирсериковаЗ.М.