Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Балалардың жазғы демалысын әсерлі өткізуіне мейлінше қолайлы жағдай жасалады.Танымдық, жан - жақты қызығушылығы мен қабілетін
дамытуға ықпал ету;
Балалармен жүргізілетін шынығу-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру
Таңғы гимнастика
Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру
Мерекелер мен бос уақыттарды өткізу
Сумен ойнайтын ойындар
Бала денсаулығын нығайтуда жаз маусымындағы ауа райының тамаша мүмкіндіктерін пайдалану (күн, ауа. су, құм, т. б.) Бала өсіп-жетіліп, толысып, шынығуы қажет. Жазғы уақытта мектеп жасына дейінгі баланың танымдық қабілеттерінің дамуы үшін табиғат зор мүмкіндік береді.
Шынықтыру шаралары арқылы қимыл әрекетін таза ауада өткізу керек.
Спорттық ептілік пен дағдысын одан әрі дамыту, қимыл белсенділіктерін арттыру.
Мектеп жасын дейінгі баланың жетекші әрекеті - ойын түрлері көп қамтылады. Балаларда көркемөнердің барлық түрін (әңгіме құрау, өлең айту, сурет салу, жапсыру) танытуға жол ашылады
Мерекелер мен ойын - сауықтар баланың жан - жақты дамуына әсерін тигізеді, эстетикалық, көркемдік талғамын дамытады.