Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Ұлттың-ұлы мұраты»
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие –адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп , оған өмір бойы өшпестей із қалдырады .Заман талабына лайық тәрбие білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық ,инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруде жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.
Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту.
Жаңа заманда білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа рухани патриоттық тәрбие беру .Құнды қасиеттерге ие болу ,рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Қазақ халқы «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады , ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың » деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ұлттық намыс , мінез құлық,тектілік,отансүйгіштік яғни рухани патриоттық құнды қасиеттерді сіңіріп тәрбиелеуді отбасы мен тәрбиеші шешуші рөл атқарады .Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік отбасы ,ата -ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі.
Балабақшада берілетін тәрбие –бастамасы ,әрі жан-жақты тәрбие мен дамуы ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып оларды өнегелі,тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор .
Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді : -Ізгілік бастамасымен тәрбиелеу .Өз отбасына ,балабақшасына ,туған қаласына ,көшесіне сүйіспеншілікпен ,қамқорлықпен қарау. -Табиғатқа қамқорлықпен қарау .
-Еңбекте -еңбексүйгіштік ,үлкендер еңбегін құрметтеу .
-Қазақ халқының салт –дәстүріне қызығушылықпен қарау.
-Мемлекеттік рәміздермен таныстыру.Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі мекемеде үнемі ата –аналарды қатыстырып отырып көптеген іс -шаралар ұйымдастырамыз, ата анаға деген құрметті бойына сіңіру. Балаларға Отанымыздың сұлу жерлерімен таныстыра отырып Отанға деген махаббаттарын ашамыз. Табиғат бұрышындағы гүлдерге күтім жасау мен оларды қорғауды өздеріне тапсырамыз. Еңбек бағалауды бала күнінен ұғындырып өз өзін қалай күтуге бағыттаймыз. Қазақ халқының салт дәстүрі тек наурызда мерекесінде ғана емес үнемі пайдалану біздің міндет .Салт дәстүрінде болашаққа керегін саралап жеткізу.
Біз балабақшамызда көптеген іс- шаралар өткізіп отырамыз. Баланы өз ойын толық жеткізуге де мүмкіндік жасаймыз .Біздің мақсатымыз әр бір қазақ баласы қазақша еркін сөйлету.
ХХІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осыда болмақ.Білімді, көзі ашық көкірегі ояу болуға ұмтылу-біздің қанымызда бар қасиет. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.