"Табиғат- біздің ортақ үйіміз"

  2020 жылдың  8 -қазанында қалалық білім бөлімі ұйымдастырылған "Табиғат- біздің ортақ үйіміз" атты конкурс өтті.

Іс-шараның мақсаты- балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, ата-аналармен ынтымақтастық жұмысты жүргізу. Болашағымыз жарқын болуы өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың жүрегіне қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті ұялату- біздің борышымыз.

    Бүкіл қала бойынша балабақшалар ішінде біздің балабақшамыз «Гран-при» жүлдесіне ие болды.

"Табиғат- біздің ортақ үйіміз" деген нақыл сөздің мағынасын, біздің бүлдіршіндер түсініп, экологиялық іс-шарамызға белсенді болды. Болашағымыз жарқын болсын, құрметті қауым!