Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі

 

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық,белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді.Ата-аналар  мен  тәрбиешілердің міндеті  бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық, сезімдерін қалыптастыру. Еліміздің ертеңі,ұлтымыздың болашағы-бүгінгі ұрпақтың өмірді танып,ой өрісінің өркен жайып рухани жетілуі үшін ойынның бала өміріндегі маңызы  зор.

№7 «Аққу» ересек тобының

Тәрбиешісі: Г.К.Пшембаева