Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салу арқылы өз халқының ұлттық мәдениетіне, оның салт-дәстүрлері негізінде тәрбиелеуде шешімін табуға тиіс мәселелер баршылық. Бұл мәселе ұлттық сапаның оянуымен, демократикалық қоғамның жаңа адамға деген қажеттілігімен, ұлттық мәдениетінің жандауымен, балаға өз халқының рухани байлығын сусындатумен байланысты туындап отыр. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптарымен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Сурет салу ұйымдастырылу оқу қызметінде «Оюды жалғастыр» тақырыбында балалар өздерінің қызығушылығын көрсете біліп, берілген тапсырманы орындай білді.