АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау

 

Білім беру саласы: Көркем әдебиет.

Сабақтың мақсаты: Ертегілер туралы білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу. Баланың сөздік қорын дамыту, ертегі кейіпкелерін ажырата білуге үйрету, балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: сұраққа жауап беру, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.

Қажетті нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар, шелек, мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, дүкенші, тауық, тышқан киімдері.

Ұйымдастыру кезеңі: Ал балалар, бүгін ерекше күн, себебі, біз

«Ертегілер әлеміне» саяхатқа барамыз.

Тәрбиеші: - (музыка ойналады «Ертегі әлемі»). Балалар көздерінді жұмып, ақырын айналамыз, балалар қараңдаршы қандай әдемі.

Сендер қандай ертегілер білесіңдер. Шалқан,Қызыл телпек,тб

Тәрбиеші: Ал, балалар сендер «Мақта қыз бен мысық» ертегісін білесіңдер ме?

Балалар: Білеміз.

Тәрбиеші: Ендеше ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап, сахналаймыз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

Ертегіні айтып беретін бізге Аиша .

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі құйрығы келтеде,

Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.

Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.

Мақта қыз:

- Мияуым менің, қайдасың?

- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)

- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)

Тәрбиеші: Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.

Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.

Мақта қыз: Мысығым-ау, мысығым,

Тарғылы жақсы түсінің.

Таңертең де, кеште де,

Бетін жуған пысығым.

Піш - піш десем, келе ғой,

Айтқаныма көне ғой.

Шақырғанда піш-піш деп,

«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.

Мысық: Менің атым мысық,

Екі көзім қысық.

Тышқан аулап отырамын

Сүт-көжемді ішіп –дейді

Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?

Мақта қыз: -Айтпаймын!

Мысық: -Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.

Мақта қыз: - Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!

Аиша (құйрығын кесіп алады)

Мысық: Берші, құйрығымды!

Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!

АишаСөйтіп, мысық сиырға келеді.

Сиыр: Менің атым сиыр,

Өрісім алыс қиыр.

Етім үшін, сүтім үшін,

Адамдар маған үйір - дейді.

Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!

Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.

АишаСөйтіп, мысық ағашқа барады.

Ағаш: Мен жасыл ағашпын,

Күтсеңдер гүл ашам,

Жолыңа нұр шашам,

Жапырағым азық,

Бұтағым қазық.

Саяма сағаларсың,

Салқындап дем аларсың.

Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!

Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.

АишаСөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

Қыздар: Су - тіршілік негізі,

Онсыз өмір сүрмейсің.

Тазалықтың негізі,

Су деп қана білгейсің. деп қыздар әндетіп жүреді.

Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.

Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер, біз саған су береміз.

Аиша: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.

Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.

Дүкенші: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз беремін.

Аиша: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Тауық: Мен ақ тауықпын,

Өзім қақсауықпын.

Аишаі: -деп тауық әндетеді.

Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.

Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.

АишаМысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.

Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.

Тышқан: Мен тышқанмын,

Өзім дән екпеймін.

Егістен ұзап кетпеймін,

Айналам толы ән,

Қоймам толы дән,

Дәнді тастап кетпеймін.

Аиша: : - деп ән салып

жүрген тышқанды мысық

бас салып ұстап алады.

Мысық: Айт, үйіңде не

бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.

АишаТышқан мысыққа рахмет айтып, бір уыс тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді, сиыр оған қатық береді.

АишаМысық қуанып, қатықты мақта қызға береді.

Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын.
АишаСөйтіп Мақта қыз қатығын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.

Тәрбиеші: Балалар сендер «Мақта қыз бен мысық» ертегісін жақсы ойнадындар, енді тобымызға оралайық, көзімізді жұмып, айналайық (музыка қосылады). Орнымызға отырайық.

  • Балалар бүгін біз қайда қонаққа бардық?
  • Біз қандай ертегіні сахналадық?

Балалар, сендерге көп-көп рахмет ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін.

Жаңартылған күні: 09.02.2021 15:42
Құрылған күні: 09.02.2021 15:42

Текст