Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Тақырыбы: Жыл мезгілдері
Мақсаты: Балаларыа табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Есте сақтау қабілетін арттыру. Зейінділікке, ұстамдылыққа, тапқырлыққа баулу.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге
тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Табиғат бейнеленген сурет, жыл мезгілдері мен ерекшеліктеріне арналған үлестірмелі суреттер, түрлі - түсті қағаз.
әдіс – тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, салыстыру.
Шаттық шеңбер:
Білгір қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы.
Қонаққа келіп отырған
Апайларға қарашы.
Бәріңізге ізетпен
Біздер сәлем береміз
Сәлеметсіздер ме Апайлар!
Балалар айтыңдаршы бір жылда неше мезгіл бар?
Дұрыс айтасыңдар.
Бір жылда төрт мезгіл бар.
Атап беріңдерші.Қыс,көктем,жаз,күз.
Жақсы.
Балалар мен сендерге жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлең оқимын, ал сендер өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін тауып алыңдар.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Қыс)
(Слайдтан қыс мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)
- Жақсы, енді келесі жұмбақ тыңдаңдар.
Бұлтты айдай желдеткен,
Нөсерлеткен, селдеткен,
Шалшық кешіп ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
(Көктем)
(Слайдтан көктем мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)
- Жақсы, енді келесі жұмбақ тыңдаңдар.
Қойының толы жеміске,
Көк майсалы егісте,
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)
(Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)
- Ал енді соңғы жұмбақ.
Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)
(Слайдтан күз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)
Сонымен балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз.
Дұрыс күз мезгілі.
Күз мезгілінде неше ай бар?
Күз мезгілінде үш ай бар.
Атап беріңдерші. (қыркүйек,қазан,қараша)
Жақсы балалар жаңа күз мезгілінде табиғатта болатын өзгерістерді атап өттік.
Тіл жаттығуы жасайық.
Ыс-ыс-ыс қарлы қыс
Тем-тем-тем жасыл желек көктем
Аз-аз-аз жадыраған жаз
Үз-үз-үз көкөністі күз
«Тірі және өлі табиғат» ойыны.
Балалар, сендер жыл мезгілдерін таптыңдар, енді «Тірі және өлі табиғат» деген ойын ойнап жіберейік. Бұл ойында мен тірі табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар, ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңмен топылдатасыңдар. Дөңгеленіп тұрайық.
- Қарлығаш.(Қол шапалақтау)
- Тау.(Аяқпен топылдату)
- Ағаш. (Қол шапалақтау)
- Күн. (Аяқпен топылдату)
- Қоян. (Қол шапалақтау)
- Су. (Аяқпен топылдату)
Балалар енді сендерге тапсырма жаңа біз сендермен әр жыл мезгіліне айтып өттік, әр жыл мезгілдің табиғаттағы ерекшеліктерін де айтып өттік.Енді мынадай тапсырма. Әр бала алдарында жатқан қағазға жыл мезгілін қағаз бетіне суретін бейнелейсіндер.Тапсырма түсініктіме?
Қортынды: балаларды мақтап,мадақтау