Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Мектеп алды топтар мен мектеп жасына дейінгі балалар үшін қашықтықтан оқыту - бұл төтенше жағдайлар кезінде бағдарламадан артта қалмау мүмкіндігі. Енгізілген төтенше жағдайлар режимі уақытында мектеп жасына дейінгі балаларды қашықтықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады? Кім бағыттық қағаз дайындап, бүлдіршіндердің ата-аналарымен кері байланыс орнатуы тиіс, сондай-ақ жауапты мамандарға қандай міндеттер жүктеледі? Мектеп жасына дейінгі балаларды қашықтықтан оқыту мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп алды топтары үшін оқу кезеңі маңызды сәт болып табылады.
Балабақшада қашықтықтан оқыту 2020 жылдың сәуір айында басталды. Оқу қызметтерін педагогтар интернет желісінде жариялап отыр. Ата- аналарға ватсап желісі арқылы жіберіп, кері байланыста тәрбиешілер жұмыс жасап отыр. Балаларға өте қызықты. Ата -аналар педагогтарға рахмет айтуда. Ата – ана себебі осылай қашықтықтан оқыту балаларға да, педагогтарға да, ата – аналарға тиімді екені сезіліп отыр. Себебі олар үйде отырып педагогтың балалармен қалай жұмыс атқаратынын түсінді.Оған дәлел фейзбук желісінде жарияланған ата аналардың алғыс видиео роликтері. Осылай педагогтардың мәртебесі көтерілуде. Себебі олар таңертеннен кешке дейін балалармен жұмыстануда.Балаларының оқуына зер салып өздері бақылау жасап отыр.
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс – әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету.
Жұмабек Ахерке ортаңғы топ тәрбиешісі.