АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Қуаныш» бөбекжайы МКҚК жарғысы

1.Жалпы ережелер

1.1. Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «№5 «Қуаныш» бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (әрі қарай – Кәсіпорын) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес құрылған.

1.2. Кәсіпорын 2014 жылғы 27 маусымдағы Көкшетау қаласы әкімдігінің «Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№5 «Қуаныш» мектеп-бақшасы» мемлекеттік мекемесін, Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «№5 «Қуаныш»  бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қайта ұйымдастыру туралы» №А-6/1186 Қаулысына сәйкес құрылды.

1.3.  Көкшетау қаласының әкімдігі Кәсіпорынның құрылтайшысы (уәкілетті органы) болып табылады.

1.4. «Көкшетау қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып табылады (бұдан әрі – мемлекеттік басқару органы).

1.5. Кәсіпорынның толық атауы:

мемлекеттік тілде:  Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «№5 «Қуаныш» бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; қысқаша атауы: «№5 «Қуаныш»  бала бақшасы» МКҚК;

орыс тілінде: государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «№5 «Қуаныш» при акимате города Кокшетау; сокращенное наименование: ГККП «Детский сад №5 «Қуаныш».

1.6. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Рақымбек Сабатаев, 168 үй.

 

2.Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

 

2.1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

2.2. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі, бұраштама мөртабандары болады.

2.3. Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

 

3.Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

 

3.1. Кәсіпорын қызметінің мәні мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында қызмет атқару болып табылады.

3.2. Кәсіпорынның мақсаты баланың жас және өзіне тән ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның тұлғасын құру және дамыту болып табылады, мектепке дейінгі тәрбиенің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылған бағдарламаларымен және оқу жоспарларымен іске асырылады.

3.3. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін Кәсіпорын келесідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  1. мектепке дейінгі білім беру саласында ұтымды денсаулықты сақтау технологияларды пайдалана отырып, балалардың денсаулығын қорғау және нығайту;
  2. тәрбиеленушілерді   өз ұлтының рухани   құндылықтарын, патриоттық  сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық  әдет-ғұрып пен салт-  дәстүрлерді  бала бойына     оқу - тәрбие   жоспары арқылы  дамыту.                       
  3. мектеп жасына дейiнгi балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту, оларды салауатты өмiр салты құндылықтарына бейiмдеу, медициналық қызметті жүзеге асыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті (дәрігерге дейінгі) ұйымдастыру;
  4. мектепке дейінгі білім беру саласына әдістемелік, инновациялық-технологияларды енгізу;
  5. мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлiк және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейiмдеу негізiнде қабiлеттерiн дамыту;
  6. мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білім құмарлықты, еркiндiктi және шығармашылық жағынан өзiн-өзi көрсету қабілетiн дамыту;
  7. балалардың мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытудың бiлiм беру бағдарламаларын игеруiне жағдай жасау;
  8. мектеп жасына дейінгі балаларды мектеп алды даярлаумен қамтамасыз ету;
  9. тәрбиеленушiлердiң ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасау;

10) мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелейтiн отбасыларына әдiстемелiк, диагностикалық және консультативтiк көмектi ұйымдастыру.

  1.  білім саласының материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту;

4. Кәсіпорынды басқару

 

4.1. Кәсіпорынды басқаратын мемлекеттік басқару органның мынадай өкілеттері бар:

1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

3) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

4) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;   

5) Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

6) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

7) Кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

8) Кәсіпорын мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

9) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4.2. Кәсіпорын басшысы мемлекеттік басқару органына есепті заңды тұлға болып табылады.

4.3. Жергілікті атқарушы органы Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылырәсімдейді. Еңбек шартында Қазақстан РеспубликасыныңЕңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын басшысының жауапкершілігі көзделеді.

4.4.Мемлекеттік коммуналдық қазыналық Кәсіпорын басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тәртіп бойынша тағайындалады.

4.5.Кәсіпорынның басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне және мүліктің сақталуына жеке жауапкершілікте болады.

4.6.Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

4.7.Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес, басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.

4.8.Кәсіпорын басшысы:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) Келісім-шарттар және өзге де мәмілелер жасайды;

4) Сенімхаттар береді;

5) Банктік есеп-шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбекшарттарын бұзады, егер Қазақстан Республикасының заңнамасы және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларға көтермелеу шараларын қолданады және жазаға тартады;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

5.Кәсіпорын мүлкі

 

5.1.Кәсіпорынның мүлкін, оның құны теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.

5.2.Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

5.3.Кәсіпорынның мүлкі:

- оған меншік иесі берген мүліктен;

- өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктен (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

5.4.Кәсіпорынның қарамағында тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі бола алады.

5.5. Жедел басқарудағы мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның жедел басқаруына түседі.

5.6. Жедел басқарудағы мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның жедел басқаруына түседі.

5.7. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке жедел басќару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім ќабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

5.8. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

5.9. Кәсіпорынның мүлкіне жедел басқару құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша тоқтатылады.

5.10. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жергілікті атқарушы орган Кәсіпорнынан бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

5.11. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде жергілікті атқарушы орган Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

 

6. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

6.1.Кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның жарғыда көрсетілген мақсаттары мен мінедеттерімен, сондай-ақ кәсіпорынға мемлекеттік басқару органы арқылы жеткізілетін мемлекеттік тапсырыстарымен анықталады. Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

6.2.Кәсіпорынның даму жоспарын бекіту және жасалу тәртібі жергілікті атқарушы органмен анықталады.

6.3.Кәсіпорынның ақылы қызметтерді ұсыну тәртібі мен тізбесі мемлекеттік басқарушы органның келісіміне және заңнамасына сәйкес келеді.

 

7. Кәсіпорынның есебі мен есеп беруі

7.1. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша есеп берудің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

7.2. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

 

8.Кәсіпорынның жауапкершілігі

 

8.1. Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшасына жауап береді.

8.2. Ақша жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша әкiмшiлiк-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

9.Кәсіпорынның жұмыс істеу тәртібі

 

9.1.Кәсіпорынның жұмыс істеу тәртібі ішкі жұмыс тәртібінің Ережелерімен ұжымдық шартпен белгіленеді, сағат 8-00 ден 18-30 дейін, демалыс күндері – сенбі, жексенбі, мерекелік күндер.

 

10. Еңбек ұжымы мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері

 

10.1. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындаєы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

10.2. Педагогикалық білімі бар, қажет бойынша басшы белгілеген арнайы сынақ мерзімінен және медициналық комиссиядан өткен кез келген Қазақстан Республикасының азаматы балабақшаның педагогы бола алады.

10.3.Білім беру ұйымы қызметкерлерінің құқықтары:

- лауазымына байланысты балабақшаның қызметіне қатысуға;

- басқаруға қатысуға, яғни балабақшаның Кеңесіне және қоғамдық органдарға сайлануға;

- еңбек келісіміне және біліктілік санатына сәйкес белгіленген еңбекақы алуға;

- қолданыстағы заңнамаға байланысты еңбек қорғауға;

-сенбі, жексенбі күндері демалуға және қызметкерлерінің категориясына және бекітілген демалыс мерзіміне сәйкес жыл сайын берілетін демалысқа шығуға;

- қолданыстағы заңнамаға, еңбек және ұжымдық шарттарға сәйкес басқа да құқықтарға ие болуға.

10.4. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің міндеттері:

- осы Жарғыны сақтауға;

- лауазымдық міндеттерін, ішкі тәртіп ережелерін орындауға;

- өз еңбегінің нәтижелеріне жауап беруге;

- балаларды күтуде медициналық-педагогикалық ұйғарымдарын қолдануға;

- еңбек ұжымының жалпы жиналысы шешімдерін орындауға;

- қолданыстағы заңнамаға, еңбек ұжымдық шарттарға сәйкес басқа да міндеттерді орындауға.

10.5.Баланың денесіне немесе психологиялық залал келтіруге себеп болған қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырған тәртіппен жеке жауапкершілікті көтереді.

 

11.Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

 

11.1. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын жергілікті атқарушы орган белгілейді.

11.2. Штаттық кестесi, еңбекақы төлеу үлгісі, ҚР ҮҚ сәйкес, лауазымдық айлықақылар мөлшерiне  байланысты  анықталады.

 

12. Кәсіпорын ұйымына балаларды қабылдау   тәртібі

 

12.1. Білім беру ұйымына балаларды қабылдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

12.2. Білім беру ұйымы ата-аналар және басқа заңды өкілдер арасында қарым-қатынастар келісім-шартпен анықталады.

12.3. Білім беру ұйымына баланы қабылдау онда бос орын болған жағдайда жыл бойы жүргізіледі.

12.4. Жоспар бойынша топтастырылғанда білім ұйымында келесі жасаралық топтар бар:

3 жастан 4 жасқа дейінгі (екінші сәбилер тобы) – 25 баладан артық емес;

4 жастан 5 жасқа дейінгі (естиярлар тобы) – 25 баладан артық емес;

5 жастан 6 жасқа дейінгі (ересек тобы) – 25 баладан артық емес;

5 жастан 6 жасқа (7) дейінгі (мектепалды даярлық тобы) – 25 баладан артық емес;

12.5. Білім беру ұйымына мемлекеттік тапсырысқа сай бала қабылданады.

12.6.Балаларды шығару тәртібі мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің Типтік ережелер негізінде жүргізіледі.

- баланың бала бақшадағы күтімі үшін төлемақыны уақытында төлемеген жағдайда (15 күннен астам).

- баланың бала бақшаға себепсіз және әкімшілікті ескертусіз бір айдан артық босатқан жағдайында.

- мектепке дейінгі мекемеде болуына тосқауыл болатын баланың денсаулығы туралы медициналық қорытынды болғанда.

 

13. Ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері

 

13.1.Тәрбиеленушілердің ата-аналары және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары:

- ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

- білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға.

13.2. Тәрбиеленушілердің ата-аналары және өзге де заңды өкілдерінің міндеттері:

-балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдай жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, рухани тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

- білім беру ұйымдарымен қызметтес болуға;

- балалардың мектепке дейінгі ұйымға күнделікті қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;

-Кәсіпорынның ішкі тәртібін сақтауға;

-Кәсіпорын ішінде және ауласында тазалықты сақтауға, балалардың денсаулықтарына зиян келтірмеу мақсатында күз, көктем мезгілінде аяқ киім сыртына бахилы кию (немесе басқа да алмастырушы құралдар).

 

14. Кәсіпорын үрдісін ұйымдастыру тәртібі

 

14.1. Білім беру үрдісін ұйымдастыру мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленетін және бекітілетін балаларды дамытудың жалпы білім беру бағдарламаларымен айқындалады  және белгіленеді.

14.2. Оқу-тәрбие үрдісі балалар үшін арнайы болып табылатын қызметтің                                                                            түрлерін ескере отырып жүзеге асырылады: ойындар, құрастыру, бейнелеу, музыкалық, театрландырылған, қозғалыс белсенділігі, сондай-ақ балаға жеке тұрғыдан қарауды, балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың әртүрлі кіші топтарымен жұмыс жасау мүмкіндігін көздейді.

14.3. Оқу-тәрбие және ұйымдастырушы-әдістемелік жұмыстарды әдіскер, педагог-психолог, қазақ тілі мұғалімі, орыс тілі мұғалімі, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, логопед, дефектолог және медициналық мейірбике жүргізеді.

14.4. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

14.5. Білім беру ұйымының қызметкерлері оқыту-тәрбиелеу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

14.6. Білім беру ұйымындағы балаларға тәрбие беру мен оқыту мемлекеттік  тілде жүзеге асырылады.

14.7. Сабақтар кестесі: «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»   бойынша анықталады.

14.8.Қызмет түрі- мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу.

14.9. Кәсіпорында кепілдік нормаларға сай тамақ өнімдерімен тамақтандыру қамтамасыз етіледі. Тамақтың жиілігі күн тәртібін есепке алуымен ұйымдастырылады.

 

15.Ақылы қызметтерді ұсыну тізімі мен тәртібі

 

15.1. Қолданыстағы заңнамаға, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес Кәсіпорынның оқу бағдарламасына қосымша білім беру және сауықтыру қызметтері жүйесі енгізіледі.

15.2. Ақылы негіздегі білім беру және сауықтыру қызметтері негізгі білім беру үрдісіне қосымша арнайы курстар түрінде ұсынылады, сонымен қатар басшы белгілейтін ақылы қызметтердің тізімінде үйірмелік жұмыстар ұйымдастырылуы мүмкін: ағылшын тілін оқыту,  хореография, бейнелеу өнері.

15.3. Ақылы қосымша қызмет көрсетуден түскен қаржы білім беру үрдісіне, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, оның ішінде оқу жабдығын, әдебиеттерді сатып алуға, Кәсіпорын қызметкерлеріне қосымша төлемақы жүргізуге жұмсалады.

 

16. Жарғыны өзгерту, кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

 

16.1. Кәсіпорын Жарғысына өзгертулер және толықтырулар енгізу, кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

16.2.Кәсіпорын азаматтық заңнамада көзделген және басқа да негіздерге сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заң актілеріне өзгеше белгіленбесе, уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.

16.3.Таратылған Кәсіпорынның мүлкін кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейінгісін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі. Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, жергілікті бюджеттің кірісіне есептеледі.

 

 

 

Жаңартылған күні: 02.05.2019 16:23
Құрылған күні: 06.09.2021 20:51

Текст