Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Қуаныш» бөбекжайы» МКҚК
Орналасқан жері:Қазақстан, Ақмола обласы,Көкшетау қаласы, Рақымбек Сабатаев көшесі,168 ү
Ғимарат - 2 қабатты.
Жоба қуаттылығы- 245 орын.
Оқыту тілі-мемлекеттік тілде.
Балабақшаның жұмыс уақыты: 8.00 – ден 18.30 дейін.
Балалар үшін музыка залы, дене шынықтыру залы, медициналық кабинет, әдістемелік кабинет, психология, логопед, мемлекеттік тіл кабинеті жұмыс жүргізеді.
Балалардың жас ерекшелігіне, заман талабына сай жабдықталған 10 топ жұмыс істеуде. МКҚК «Қуаныш» бөбекжайы» оқыту мен тәрбиелеу жұмысын ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 2020 жылғы 12 мамыр, № 195 қаулысы талаптарына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша орындалуда.
Балабақша аптасына 5 күн, сағат 8.00-18.00 дейін жұмыс істейді.
Жалпы педагог саны-27:- олардың ішінде басқарушы-ұйымдастырушы - 1,
- жоғары дәрежелі- 3,
-бірінші дәрежелі- 5,
-екінші дәрежелі- 5 педагог,
-педагог-сарапшы- 2,
-педагог-модератор- 1,
Күн режимі және балалардың тамақтану барысы үнемі ретті. Жұқпалы аурулардан сақтану, болдырмау шаралары және шынықтыру-сауықтыру жұмысы жоспарлы жүргізілуде. Емдік жұмыстары дәрігердің нұсқауымен жүргізіледі. Балалармен оксалин майын мұрынға жағу, жеміс-жидек беру үнемі жүргізіліп тұрады. Балабақша медбикесі шынығу жұмыстары бойынша бақылау жүргізіп отырады. Ата-аналарға да пайдалы кеңестер беріп тұрады. Балабақша қызметкерлерін үнемі,уақытылы медициналық тексеруден өткізіп отырады
Оқу тәрбие жұмыстарында «Сиқырлы қалам», «Электронды киіз үй» жеке және дербес жұмыстар, интерактивті оқыту шараларын пайдаланып отырамыз. Дамытушы ойындар, дидактикалық, мазмұнды-рөлдік, ермек ойындары, драмалық ойындар, қимылды, ұлттық, музыкалық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын, шығармашылығын дамытамыз.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі қызметтерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» бес білім беру саласына негізделген. Әр білім саласының балалардың дамуына қойылатын талаптары мен мақсаттары берілген.
Ата-аналармен бірлескен мәдени шаралар, түрлі тәрбие жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп отырады. Жеке тұлғаны дамыту, шығармашылық қабілетін ашу мақсатындағы барлық іс- шаралар баланың тілін дамытуға, танымдарын кеңейтуге бағытталған.
Педагогикалық ұжым әрдайым ізденісте, инновациялық жаңалықтарға құмар, өз тәжірибелерінде жаңа технологияларды қолдана отырып, заман талабына сай интернет желісімен жұмыс жасайды. Балабақшада тәрбиеленушілердің білім сапасын жетілдіру мониторингі тоқсан сайын бақыланып, жүргізіліп отырады. Педагогтармен ай сайын кеңес, семинар өткізіледі.
Балабақша ұжымы Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы даму стратегиясына баса назар аударып, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге озат тәжірибені кеңінен пайдалануға, жұмыс барысында әдістемелік тұрғыдан оқыту әдістерін саналықпен меңгеруге ерекше көңіл бөлуде. Балабақшамызда мерекелік іс-шаралар өз мәнінде өткізіледі.