Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ойын адамның мінез – құлқын өз басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізідегі іс – әрекеттің бір түрі нәресте заттық іс-әрекетті бірте-бірте ойын әрекетіне ауысады барлық адам тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын әрекетін бастан кешіреді сәбилік кезінен бастап бала өзін қоршаған ортаны өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады тек көру,сипап,сезу байқап тану емес тікелей араласып іс — әрекетке көшуін нақты қарым – қатынас барысында біледі.
Осылайша ойын адамның өміртанымында шешуші мәнге ие болады.
Баланың таным түсінігі іс – әрекеті ойыннан басталады. Оның негізгі болашақ өмірінде оқу,еңбек іс – әрекетімен жалғастырылады,ойын бала үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ойын балалардың негізгі іс әрекетінде психологиялық, анатомиялық, физиялогиялық, педагогикалық маңызы зор қызмет атқарады.
Ойын баланың даму құралы таным көзі, ойын білімділік тәрбиенің мәні болып отыр. Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуға ықпал етеді, ойынды әрбір адам ойнап өседі. Ойынды көп ойнаған адамның дүние танымы кең жаны таза, жүрегі нәзік, сезімтал тұлға болмақ. Кей бала өз өмірін ойын арқылы бейнелесе, кей бала ішкі сезімін бейнелейді.
Д.Узорв «Ойын арқылы әл қуатты сыртқа шығарудың тәсілі емес дамудың негізгі бас формасы».
«Қуаныш» бөбекжайы» МКҚК-ның
тәрбиешісі Қайыркеш Н.Қ.