«Ыы дыбысы мен әрпі»

№9 «Қуырмаш» мектепалды даярлық тобына арналған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Күні: 02.02.2021

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: «Ыы дыбысы мен әрпі»

Мақсаты: Ы дыбысы және әрпімен таныстыру., ауызша және жазбаша икемділігін арттыру. 

 Білімділік: Ы дыбысы тралы білімін арттыру. Ы дыбысынан басталатын  немесе ы дыбысы ортасында, аяғында келетін сөздерді атау және оларды буынға бөлу.

Дамытушылық: Сөзді буынға бөлу дағдыларын одан әрі дамыту 

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сұраққа нақты әрі толық жауап беруге тәрбиелеу.

Қостілділік компоненті: Ыдыс - посуда

Көрнекілігі: Ыы әрпі, суреттері

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру

Алдын ала орындалатын жұмыс: Әңгімелесу, таныстыру, көрсету.                              

 

Мотивациялық – қозғаушылық

Сәлеметсіңдер ме балалар?

Көңіл – күйлерің қалай?

Оқу қызметіне дайынсындар ма?

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Осы уақытқа дейін қандай әріптерді өттік?

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ата.

Дыбысты естиміз, әріпті көреміз, жазамыз.

Ыдыстарды көрсетіп әрбір ыдыстың жеке-жеке атын айтамыз. Балалар, осыларды жалпылама қалай атаймыз?

Ендеше, балалар бүгін біз Ы дыбысын өтеміз. Ы дауысты дыбыс, ол сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі. «Ыдыс» сөзін буынға бөлейік.

Қасық – (2 буын)

Сырнай – (2 буын)

Домбыра – (3 буын)

Қайық – (2 буын)

 

Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Көркем етіп Ы дыбысын жазайық.

Сергіту сәті

Рефлексиялық – түзетушілік  

Педагог оқу қызметіне қатысты сұрақтар мен тапсырмалар береді.

Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?

Оқу қызметі ұнады ма?

Ы қандай дыбыс?

Ы дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Сөздерді буынға бөлуді.

Игереді: Әріп пен дыбыстың айырмашылығы Жыл мезгілдерін сәйкес еңбек түрлерін ажырата және ұқсастығы

Меңгереді: Сұрақтарға еркін жауап бере білуді, өз пікірін ,ойын айтуды.

 

Тәрбиеші: Қажыбай.Г.А