АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ   
 ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ   ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Этот код можно сканировать с помощью специального приложения или камеры на телефоне (если такая функция поддерживается)

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Воспитательная работа

№5 "Қуаныш" балабақшасы

№9 "Қуырмаш" Мд тобының тәрбиешісі 

Хибатоллаева.Г.А

«Абай мұрасы-Қазақтың қасиетті қазынасы»

 

Абай сөзі – қазақтың бойтұмары, Абай мұрасы – қазақтың қасиетті қазынасы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес. Абай өзінің халқымен мәңгі бірге жасайды. Ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді»,- деп Н.Назарбаев айтқандай, Абай мұрасы біз үшін мәңгілік.

           Бүгінгі уақытта Абайдың кім екенін сұрасақ, әр адам: «Абай- дана ақын,өз заманының озық ойлы демократы, тіл ағартушысы, терең ойшыл, қоғам қайраткері, көрнекті ақын, сөз өнеріне өз үлесін қосқан талантты сазгер, артына татымды ән мен ойлы күй қалдырған асқан өнер иесі»,- деп айта алады. Биылғы 2020 жылы - Абайдың 175 жылдығы. Сондықтан әр оқу орнында, кітапханаларда, мәдени орталықтарда көптеген шаралар өткізілуде.

         Абай болашақ  ұрпаққа осы сөзін арнап, ұлы ақын, үлкен мұра қалдырды.

         Абай мұралары адамгершілікке, парасаттылыққа шақырады. Ол өз халқын ғана емес, бәрін де білім –ғылымға үндеген ұлы тұлға.

         Абайдың табиғат лирикасын қазіргі заманда әр оқушы, студент біледі. Ақын табиғатты ерекше жырлаған. Табиғаттың төрт мезгілі туралы өлеңдерінде Абай өзінің сырын, биік парасаттылығын, қиялын, ойымен ерекшелейді.

          Абайдың жазған шығармалары эстетикалық немесе сезімге, адамның рухани әлеміне әсер ету құралы ғана емес, ақынның шығармашылық шеберханасынан қазақ халқының ұлттық болмысы мен салт-санасы, тұрмыс-тіршілігінің суретін танып, жалпы мәдениеті туралы көп мағлұмат алуға болады.

Сонымен қатар, Абай өз шығармашылығында киім атауларына да өз назарын білдірген «Қазақтың киім-кешегі- айналадағы ортаның іс-қимылымен байланысты». Абайдың айтуы бойынша, «киім кию салты арқылы адамның мінез-құлқы, қоғамдағы орны, болмысы анықталады». Оның кейіпкері алтын-күміс кигені, қамқа торғын болса да, «махаббат, қызық мол жылдарын» байлыққа айырбастап, ет жүрегін саудаға салмайды («Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында»). Қазіргі тілмен айтқанда, жоғары эстетикалық талғамы қай заманда да қазақ қыздарының сұлулығы мен әсемдікті серік еткенін танытады. Материалдық мәдениетін – киім арқылы, адамның рухани мәдениетін , мінезі арқылы сипаттайды. Абайдың осындай бір көзқарасы творчестволық өмірінде ерекше орын алады.

           Данышпан Абай өз шығармаларында  « Ісім өнсін десең, ретін тап»,- деп кәсіпкерлік туралы да айтқан. Кәсіпкерлікке еңбекті насихаттау мақсатында көңіл бөлген. Абайдың арманы – қазақ халқын бай елдердің қатарында көріп, малды адал жолмен тауып баю, басқа біреуге тәуелсіз болу. Бүгінгі кезде, егер еліміз бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан орын алса, Абайдың  арманы орындалғаны.

          Абайдың творчествосында адам мәселесі бір ерекше орын алатын. «Адам бол!» - деген сөзді ту етіп көтерген. Ақынның өлеңдерінде жиі кездесетін сөздер: «адам болу», «жарым адам», «адамшылық» және т.б. Бұл адамның психологиялық, эстетикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру «қарасөздері» арқылы айтылады. Абай психолог ретінде адамның рухани байлығын, адамдық қасиеттерін, элеуметтік этика, қоғамды көркейтуге жол көрсеткен. Оның ойынша, әр адам арлы, адамгершілік қасиеттері жоғары, сабырлы, ұят пен қанағатты білетін, иманды, игі жүректі болу керек.

Біздер ұлы Абайдың мұрасын үнемі есімізде сақтап, жас ұрпақты тәрбиелеудеміз. Абайдың мұрасы мәңгілік!

 

2020-2021 оқу жылы

 


Текст