Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Біздің бөбекжайымызда барлық жас топтарында мерекелік іс-шаралар өтуде.
2021 жылғы 1 наурыз бен 5 наурыз аралығында сүйікті аналарға, әжелерге, әпкелерге арналған ертеңгіліктер өтеді.
Ертеңгілік барысында әр топ балалары аналарына дайындаған ән, тақпақ. билерін паш етті.
Сонымен қатар, аналарына деген өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын дайындады. Ертеңгілікте Көктем, Күлдірген, Хан мен Ханша, Карлсон. Алтын балық сынды кейіпкерлер қатысты. Балалар ерекше құлшыныспен қатысып, өздеріне берілген қойылымда жоғары көңіл күймен өздерін көрсете білді.
Барлық аяулы аналар, ардақты әжелер, ару қыздарымызды келе жатқан 8-наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
Бастарыңызға амандық, деңдерінізге саулық тілейміз.
Көктемнің шуақты күндеріндей жарқырап, жайнап жүре беріңіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!