Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Білім беру балабақша табалдырығынан басталады. десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы - балабақшада. Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең болып қеледі, өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.
Сондықтан осы шақта балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан мектепке дайын шәкірт болып шығады.
№5 «Қуаныш» бөбекжайында мамыр айының соңғы күндерінде №2«Жұлдыз», №8«Құлыншақ», №9 «Қуырмаш» даярлық топтарында балабақшамен қоштасу ертеңгіліктері тиісті деңгейде өтті. Осы топтарда тәжірибесі мол педагогтер мен қатар жас мамандар да жұмыс жасады. Балалардың мектепке дайындығы өздерінің жаттап алған тақпақтарынан, ойын барысында қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берулерінен көрінп тұрды. Балабақша меңгерушісі С.Б.Байкенова мен әдіскер Ж.Т. Орумбаева түлектерге өздерінің тілектерін айта отырып балаларға ақ жол тіледі.