Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі
10.03.2026
Тақырыбы: Айналайын Ақ мамам
Мақсаты: Балалардың көктем мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, табиғаттағы өзгерістерді байқауға үйрету.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінің мәнін түсіндіру арқылы аналарға, әжелерге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін арттыру.
Кейіпкерлер:
Көктем
«Біздің жігіттер» әнімен ұлдар би билеп шығады.
(Би аяқталған соң қыздардың жанына барып тұрады)
«Сұлу қыздар» әніне бірге би билейді.
Тәрбиеші:
Армысыздар, құрметті ата-аналар, аяулы аналар, асыл әжелер!
7 «Аққу» ересек тобының «Айналайын Ақ мамам» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Тәрбиеші:
– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
– Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
– Күн қандай болады?
Балалар, көктем мезгілі келсе, күн жылынады, қар ериді, құстар қайтып келеді. Табиғат оянып, жер беті жасыл түске боялады.
Бірақ көктем өздігінен келмейді. Оны шақыру керек.
Олай болса, бәріміз бірге Көктемді шақырайық!
(Көктем музыкамен кіреді)
Көктем:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Мен сендерге шуақ, жылу, гүлдер алып келдім!
Тәрбиеші:
Қош келдің, Көктем!
Біз сені асыға күттік. Балалар саған арнап дайындалды.
Саған арнап « Көктемде» әнің орындап береді.
🎵ӘН: «Көктемде» әні орындалады.
Тақпақтар (8 бала):
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Ақ сүт берген балаңа
Күш - жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең
Айналайын жан анам.
Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің ана тіліміз.
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.
Қыздардың биі: Қолшатыр
Ойын: «Тауық пен балапандары»
Шарты:
Арнайы тесіктері бар мата. Ортасында – ана тауық, шеттерінде – балапандар. Балапандар дән жинайды.
(Қызықты әуенмен ойналады)
🎵ӘН: «Ата-ананың орындауындағы ән»
🎵ӘН: «Ана деп ән салам»
Тақпақтар (8 бала):
Бесіктерін әнімен
Тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен
Жер бетінде аналар.
Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Құтты болсын ақ анам
Сегізінші науырызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл - қызың.
Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай.
Ақ жаулықты әжемді
Ай жүзіне теңедім
Мейірімін таусылмас
Күн нұрына теңедім.
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Ұлдардың биі: Моно-моно
Музыка жетекшісінің ойыны «Оркестр»
(Ата-аналармен ойын)
🎵ӘН: «Әженің шәйі»
Тақпақтар (8 бала):
Еркелеймін, шаттанам,
Жарқын күлкің - бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші, ақ мамам!
Анамды мен жақсы көремін,
Ана шаттық, бақыт береді.
Анаменен барлық адам,
Бақытты болып жүреді.
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
Бізге қарап елжіреп, ...
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен басиеміз
Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой ол аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Жалпы би: Ретро би
Барлық балалар бірге ортақ көңілді би билейді.
🎵ӘН: «Ақ мамам»
Сыйлық табыстау
Балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын береді.
Тәрбиеші: Құрметті аналар! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, шаттық тілейміз! Балаларыңыз әрқашан қуаныш сыйласын!
Осымен мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.
Келгендеріңізге рахмет!