АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9 "Қуырмаш" ересек тобының ертеңгілігі: «Аяулы анашым».Тәрбиешілер: Калауова Г.С, Кабдуалиева А.К

06.04.2026

Аяулы«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша

білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының

«Қуаныш» бөбекжайы МКҚК»

 

 

 

 

 

 

Ертеңгілік

Тақырыбы: «Аяулы анашым!»

 

 

 

                                                                                                    

                                                                         Тәрбиешілер: Калауова Г.С

                                                                                                 Кабдуалиева А.К  

 

                                                                                   

 

 

 

                                                               

                                                     

 

 

 

2026 жыл

 

 

Тақырыбы: «Аяулы анашым»

Мақсаты:

  • Тәрбиелік: Ананы, әжені, ұстазды сыйлауға, мейірімділікке, ұқыптылыққа, үлкендерді ренжітпеуге тәрбиелеу .
  • Білімділік: 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мен көктем мерекесі туралы түсініктерін кеңейту, табиғаттың жаңаруын сезінуге үйрету.
  • Дамытушылық: Балалардың сөйлеу тілін, музыкалық қабілетін, билеу және сахналық өнерді орындаушылық дағдыларын қалыптастыру.
  • Эмоционалдық: Балалардың жалпы іс-шараға белсенді қатысуын ынталандыру, қуанышты эмоциялар тудыру. 

Балалар залға кіреді.

1 .Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық ,алтын бақ

2.Армысыздар мейірімді аналарым

Мейірман ашық көңіл даналарым

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

Құттықтайды сіздерді балаларың

Амира : Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық

Алия: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын

Жүргізуші: Ал енді балалар ертеңгілікті жұмбақ жасырумен бастайық.

Ақ қар еріріп,су көбейіп сай салаға толады

Ағаш басы бүршік атып ,

Гүл бәйшешек басады

Айтыңдаршы балалар, бұл қай кезде болады?

Ж: Дұрыс айтасыңдар, қар еріп ,құстар ән салып ,алғаш гүлдер шығады. Адамдарға қуаныш сыйлайтын ол-сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге ару көктемді шақырайық.

(әуенмен көктем кіреді)

2.Көктем аруы :Сәлеметсіздерме!

Мен көңілді көктеммін

Былтыр келіп кеткенмін

Көзін ашып бұлақтың

Түбіне ағаш еккенмін

Құстар әнін ала келдім

Жерге кілем жаба келдім.

Ж: Қош келдің ,төрлет көктем аруы.Біздің балалардың орындауында

«Көктем» әнін қабыл алыңыз.

Ән: «Көктем»

Тақпақтар: 

Арлан:Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.

Альмир:Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.

Сулейман:Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз

Амирхан: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен басиеміз
Алидар: Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам

Ахмедияр: Сырымды ұғатын ,
өзіңсін қуатым
Күнімсің шығатын
Айымсың туатын
Би: «Қолшатыр» (қыздар билейді)

Ойын: «Гүл сыйлау»

Ж: Балалар қалай ойлайсыңдар,бүгін қандай мереке?

-Балалар ең асыл жан кім? Ана

-Қызығын да бұзығын да көтеретін кім?

-Үнемі жанында періштедей қорғап демеу беретін кім?

- Сонымен бүгін қандай мереке?

Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып ,аналарға арнап ән айтып берейік.

Ән: «Анашым-ау»

Тақпақтар:

Шахназ: Мәпелейді, әлдейлейді бағады,
«Құлыным» деп құшағына алады.
Өзгеге де, өзіне де жауапты,
Барлығына қалай уақыт табады?

Рамина :Ана пана,
Ана дана.
Өмірді әкелетін,
Ана ғана!!!

Мариям: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!

Дарын: Еркелесем күлімдейті,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан сипап мені
Құлыншағым күнім дейтін

Медина: Жүре берсем қасымда
Әйбат анам әй анам
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
Билял: Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар
Алинұр: Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет

 

Ұлдар биі: «Джентэльмен»

Ойын: «                                       »

Ж: Балалар біздің ата-анамыздың анасы кім деп атаймыз? Бүгін тек аналарымыздың ғана емес, сонымен қатар әжелеріміздің де мерекесі.Біз де әжелерімізге арнап ән,тақпақ айтып, би билеп , мерекемен құттықтайық.

Ән : «Әжемнің шайы»

Тақпақтар:Асанали: Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем
 

М.Әділхан: Ақ әжемді арқашан
Сыйлап жақсы көремін
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін

А.Айлин: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!

Мағжан: Ана пана,
Ана дана.
Өмірді әкелетін,
Ана ғана!!!

Б.Айлин: Апам мені айым дейді
Мен мұнайсам уайым жейді
Апам мені күнім дейді
Мен қуансам күлімдейді
Әділхан: Аялы алақан,
Әлпештеп өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген

Ерназ: Анам-өмір шырағы
Анам-өмір бұлағы
Бесігімнің жыр әні
Жүрегімде тұрады

Аружан:Ақылшымыз, данашым
Ұзақ өмір сүріңіз
Айналайын анашым
Алдымызда жұріңіз

 Би: «Ретро биі»

Ойын: «Аналарды шармен ойнату»

Ж: Күндеріңіз толсын гүлге желекке

Отбасында болсын ырыс береке

Құттықтаймын шын жүректен сіздерді

Өмір думан, бақ әкелсін , мереке-дей отыра , бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігімізге келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.сау болыңыздар!

Просмотров: 558


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст