Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Сабақтың тақырыбы: «Мен- елімнің патриотымын».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында
түсінік беру.
Дамытушылық: Өз туған елдеріне, жерлеріне,
балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеуді дамыту.
Тәрбиелік: Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының
рәміздері, сабаққа қажетті суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.
Барысы:
І. Кіріспе
бөлім.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Тәрбиеші: - Балалар,
бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек
күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа
да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни
оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады.
Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш
қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
-
Балалар видео роликке назар аударайық.
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап
күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін,
ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп,
сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Тәуелсіздігіміздің негізгі
нышанының бірі Ата заң. Ата заң
дегеніміз елдің барлық ережелері жиналған елдің ең басты құжаты. Конституция
1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
Балалар, біз ересек тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан
Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші,
біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
-
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
-
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан
Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Айтыңдаршы,
біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?
Балалар: Біз Көкшетау қаласында
туып, өмір сүріп жатырмыз.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің
балабақшамыздың аты қалай?
Балалар: «Қуаныш» балабақшасы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер
өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын
білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге Дания атты баламыз Отан туралы тақпақ айтып
бергісі келеді.
Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті,
бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған
өлең тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық.
Ойын: «Менің балалбақшаға дайынмын».
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту,
байланыстырып сөйлеуге үйрету, өз туған жерлеріне, елдеріне, балабақшаларына
деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Балалардың дайындаған жұмбақтары мен мақал
мәтелдері бар кезекті соларға берейік.
Жұмбақ: Қабат қабат қаттама
Аққылың болса аттама
(кітап)
Жіп жіңішке денесі
Ортасында шегесі (қарындаш)
Катя: жазу жазып жалықпаған
Жаза жаза арықтаған (бор)
Біліммен мол сый асы
Балдырғандар ұясы (балабақша)
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап
бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз
басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы
көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе
тілектеспін. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарыі үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші
қыркүйек – білім күніне арналған сабағымыз осымен аяқталды.
Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы
«№5 «Қуаныш» бала бақшасы
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тақырыптық
сабақ
Тақырыбы:
«Мен- елімнің патриотымын!»
Тәрбиеші: Муратхан.Г
3.09.2018 ж.