Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Қуаныш» бөбекжайы» МКҚК дамытушы орта кеңістіктерін ұйымдастырудың мақсаты –баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық тұлғасын дамытуды жүзеге асыру үшін кеңістіктік ортаны құру.
Кіші топтар ең алдымен, бала үшін ыңғайлы және қауіпсіз болуы қажет. Жас балалар қоршаған ортаны тез ұмытып қалады, олар тұрақтылықты қалайды. Осыған байланысты балалар бөбекжайға келгенге дейін жабдықты орналастыру жоспарланады.
Кішкентай балалар-ең алдымен «қайраткерлер» деп есептеледі. Өйткені өзін қоршаған ортаны танып білу үшін үнемі әр түрлі іс-әрекеттерді тәжірибеден өткізіп отырады. Қолымен ұстап, көзбен көріп, иісін және тағы да басқа сезім мүшелері арқылы балалар дамып отырады. Баланың бөбекжайда болуы әр түрлі іс-шараларға қатысуға мүмкін болатындай етіп ұйымдастырылады, олар: ойын, ұсақ және моторлы жаттығулар, заттар және заттардың қасиеттерін зерттеу, сурет салу, модельдеу, қарапайым жұмыс, шығармашылық қызмет болып табылады. Баламен бірлесіп педагог іс-әрекеттің жаңа әдістері мен тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, мінез-құлық пен қарым-қатынастың үлгісін үйренеді. Осыны ескере отырып, кеңістіктік зоналары бір уақытта 2-3 бала мен ересек адамның іс-әрекеті үшін ұйымдастырылады. Күн тәртібіне сай режимдік сәттер сақталады. Ұйымдастырылған оқу қызметтері жас ерекшеліктеріне сай кесте құрылып жүргізіледі. Сондықтан бөбекжайда баланың шығармашылық белсенділігін, оқыту және өзін-өзі дамыту жүзеге асырылатын ортаны жобалауға ерекше назар аударылады. Барлық балалар әртүрлі, және әр мектеп жасына дейінгі баланың өзіндік даму жолы бар болғандықтан бөбекжайда балалар ұжымын тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасалған.
Әдіскер: Ғ.Құлмағанбетова