АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәжірибе алмасу. Кеңес. Артикуляциялық жаттығулар. Логопед: Тулегенова Б.Қ.

14.01.2022

  12.01.2022 бөбекжай-балабақшасының логопеді Б.К. Төлегенова тәжірибе алмасу мақсатында тәрбиешілер мен педагогтарға артикуляциялық жаттығуларды практикада қолдану бойынша кеңес берді.

Адамда дыбыстарды айту қабілеттілігі туған кезден бастап болады. Одан әрі балалар дыбыстар мен сөздерді қосуды үйренеді. Егер де сөздерді анық айтуда қиындық болса, ол қиындықты артикуляциялық жаттығу шешуге көмектеседі.

Артикуляциялық  жаттығу дегеніміз не және не үшін керек?

   Артикуляциялық жаттығу таңдай, ерін, тіл және мимикалық бұлшық еттер қосылатын  баламен жүргізілетін сабақты айтамыз. Артикуляциялық жаттығуды жүргізудің басты мақсаты баланы артикуляциялық аппарат ағзаларын дұрыс қимылдатуға үйрету болып табылады. Ұзақ сабақтардың қорытындысы дыбыстарды анық айту болып табылады.   Артикуляциялық жаттығу баланы кейін жазу дағдыларына үйренуінде үлкен орын алады.

Артикуляциялық жаттығу түрлері:

Артикуляциялық  жаттығуды шартты түрде былай бөлуге болады:

  • активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;
  • пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

 Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны шпател, таза саусақ немесе қасықпен ерін мен тілді дұрыс қалыпқа қою арқылы жасауға болады.   

Жаттығулардың өзі екі түрге бөлінеді: статикалық және динамикалық.

 - Динамикалық тапсырмаларда қимылдар барлық орындалу уақыты кезінде іске асады.

- Статикалық  ерін немесе тілді белгілі бір қалыпта 10-15 секунд ұстап тұруды қамтиды.    

Артикуляциялық жаттығу кішкентай балалар үшін.

   Сәбиге дыбыстарды игеруде көмекті оның өмірінің алғашқы айларынан бастап бере алады. Серуенге немесе баламен сөйлескенде, балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын көрсететін қарапайым жаттығуларды жасау керек. Мысалы, жануарлардың қандай дыбыстар шығаратындарын айтуға болады. Ерін мен тіл қатысатын әр түрлі ойындарды ойнау, мысалы, сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз, сол арқылы сіз ерінді труба секілді көрсетесіз.  

Сабақ ойын түрінде 3-4 жасқа дейінгі балалармен өткізіледі, ол баланың дыбыстарды қалай айтуына байланысты. Ал егер де балада 4 жастан кейін сөйлеуі анық болмаса, онда баланы логопедке көрсету керек.    

Балалармен артикуляциялық жаттығуды  жүргізудің кемшіліктері.

Артикуляциялық жаттығуды жүргізудің басты талабы - жүйелілік. Сабақ күн сайын жүргізілу керек.    

   Жаттығуларға көшпес бұрын, ең алдымен міндетті түрде балалармен ерінге арналған жаттығулар жасау керек. Жаттығулар 15 минуттан аспау керек. Бір күн ішінде бірнеше әр түрлі жаттығулар орындалу керек.

  Сабақ барысында бала отырған қалыпта болу керек. Бұл оған денесін түзеуге, аяқ бұлшық еттерін бос ұстауға және де артикуляциялық органдарға толығымен назарын аударады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикулициясын нақты көру керек. Сонымен қатар,  ол тапсыманы орындау кезінде өз ерні мен тілін көру керек. Ол үшін қол айнасын пайдалануға немесе сабақты үлкен айна алдында өткізуге болады.

  Бала жаттығуды бірінші реттен дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан шыдамды болу керек.

Артикуляциялық жаттығуларды өткізуге арналған нұсқау:

1.  Педагог жұмысты төмендегідей ұйымдастырады:

- ойын тәсілдерін қолдана отырып, алдағы орындалатын жаттығу туралы әңгімелейді;

- оның орындалу ретін көрсетеді;

- жаттығуды барлық балалар орындайды;

- педагог жаттығудың дұрыс орындалуын тексереді .

Балаға жаттығуды дұрыс орындамағанын айтудың қажеті жоқ, оған қалай дұрыс жасау керектігін көрсетіп, жетістігін айтып, көтермелеу қажет.

2. Күн сайын 2-3 жаттығуды 3-5 минуттан өткізу қажет.

3. Жеңілден күрделіге қарай жүргізіледі.

4. Ойын түрінде ұйымдастырылады.

 

 

Просмотров: 279


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст