Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Заттық-кеңістік дамытушы орта дегеніміз не, оны қалай құрамыз? Заттық-кеңістік дамытушы ортаны құруда міндетті түрде әр жастағы балалардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ,қызығушылығын ескеруіміз қажет.Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – балаға заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын,өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар ортаның болуы. Дамытушы ортада бала ересектердің өзіне деген мейірімді қарым-қатынасын, дербестігін ынталандыруын, жеке басын құрметтеуін, балаға қиын сәттерде қолдау көрсетілетінін сезіне білу керек. Дамытушы ортада балаға өз қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік ала алуы тиіс. Дамытушы ортада баланың мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіріліп,әртүрлі әлеуметтік ортадан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етілуі тиіс. Дұрыс құрылған дамытушы ортада бала әрекетке ынталандырылады, бала тұлға ретінде дамиды, қабілеттерінің ерте көрінуіне ықпал болады және еркін шешім қабылдауға қалыптасады.
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар:
– қауіпсіз;
– қолжетімді;
– әртүрлі;
– мазмұнды;
– көп атқарымды;
– өзгермелі;
– тартымды.
Л.И. Фалюшина: білім берудің сапалы болу жолдарын, қатысушылардың атынан мына сөздермен түсіндіреді. «Балалар үшін – бұл олар үшін ойын түрінде қызықты оқыту;
-ата-аналар үшін – бұл балаларды тиімді оқыту, яғни, балаларды мектепке жақсы дайындаған оқыту бағдарламалары; шаршамай оқу; балалардың денсаулығын сақтау; оқудың жетістігі; оқуға деген ұмтылысты сақтау, беделді мектепке қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету және т.б.;
-тәрбиешілер үшін – бұл олардың қызметін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларының, ата-аналардың оң бағалауы; барлық балалардың барлық бағдарламаларды сәтті жүзеге асыруы; балалардың оқу үдерісіне қызығушылығын сақтау; балалардың табысты дамуы; балалардың денсаулығын сақтау; педагогикалық процесті барлық қажетті құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету және т.б.;
-басшы үшін – бұл ата-аналар мен балалардың тәрбиешілер қызметіне берген жоғары бағасы; балалардың денсаулығын сақтау; педагог пен балалар іс-әрекетінің жетістігі; балалардың оқу уақытын және педагогтардың жұмыс уақытын ұтымды пайдалану; таңдалған бағдарламаларды толық игеру, балаларды мектепке сапалы дайындау Заттық-кеңістіктік дамытушы ортасын жобалауды, білім беру салалары «Денсаулық» , «Қатынас» «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» бойынша қалай жүзеге асыруға болады.?
«Денсаулық» білім беру саласы бойынша, балалардың денсаулығын сақтау дағдыларын дамыту үшін дене шынықтыру жабдықтарын, оқу құралдарын және т.б. мақсатқа сай таңдау, орналастыруға қойылатын негізгі талаптар сақтау;
Сауықтыру-шынықтыру орталығы, дене шынықтыру алаңы, балалар алаңдарын талапқа сай жабдықталуы. Жабдықты таңдаудағы маңызды талаптардың бірі – оны пайдалану кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Жабдық жасалған материалдар гигиеналық талаптарға сай, экологиялық таза әрі берік болуы керек. «Қатынас» білім беру саласы бойынша, балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту,ауызша сөйлеуді қалыптастыру, әр түрлі өмірлік жағдайларда қатынас дағдыларын меңгеру, Қазақстан халқының мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерімен танысу, мәнерлеп оқу және қайта айту, дыбыстық сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу, белсенді сөздік қорын байыту, сөйлеу нормаларын меңгеру, мемлекеттік және орыс тілдерін оқыту арқылы балалардың іс-әрекетінің әр түрлі түрлерінде тәрбиеленушілердің ауызша және дәйекті сөйлеуін дамыту. Дамытушы ортада «Қатынас» білім беру аймағын, коммуникативті дағдылар, мектеп жасына дейінгі балалардың «қалыптасып келе жатқан сауаттылық» принципі, кітаптар орталығын құру.
«Таным» білім беру саласы бойынша, балалардың танымдық дағдыларын дамыту үшін жаңа буынның ойын жабдықтарын мақсатты таңдау және ұтымды пайдалану, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын дамыту орталықтарын құру,пәндік-кеңістік, дамытушы модельдер,танымдық,зерттеханалық орталықтарын құру.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша, балалардың шығармашылық дағдыларын дамыту орталықтарын, театрландыру,сурет салу,қолөнер орталықтарын құру. «Әлеумет” білім беру саласы әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше үйрену дағдыларын меңгеруді; қоғамдағы мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруді; баланың құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасай алуын; дербестікке тәрбиелеуді; айналадағы адамдарға құрметпен қарауды, өз отбасына тиесілік сезімін, эмоциялық жауаптылықты, эмпатияны қалыптастыруды; қазақ халқының, сондай-ақ басқа да халықтардың тарихы мен мәдениетін білу мен құрметтеуді, туған жер туралы түсініктерді; әр түрлі еңбек түрлеріне және әртүрлі мамандықтағы адамдарға қызығушылықты қалыптасуын тәрбиелеу. «Әлеуметтік дағдыларды дамыту», “Қауіпсіз жол” орталықтарын құру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығы көп қырлы болғандықтан, баланың қызығушылығын қолдап, жаңғыртып отырғанда ғана бала бойындағы шығармашылық әлеуетті ашуға ықпал етеміз. Осылайша, нәтижелі ұйымдастырылған заттық-дамытушы орта, балаларға қуаныш сезімін, балабақшаға деген жағымды қарым-қатынасын, балабақшаға келуге деген тілекті шақырады, жаңа әсерлер береді және білімдермен байытады. Белсенді шығармашылық әрекетті тудырады, мектепке дейінгі балалардың зияткерлік және әлеуметтік дамуына мүмкіндік беріп, баланың шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етері сөзсіз.