АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мерекесін тойлау

06.04.2019

«Төрлет, төрлет Наурыз!» фестиваль

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.                                                                                                                            1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын! Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Қазақ халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

 2- жүргізуші: Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді.  Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын!

 Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың                                                                                                                        Әнмен шашу шашайық!   Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік

Ән: «Қасиетті домбыра» (Іңкәр, Ақерке 2-топ)

1- жүргізуші:

 Әй-әй бөпем,әй бөпем

Ән айтайын, бал бөпем

Ән тыңдағын келсе егер,

Және айтайын, жан бөпем деп  «Жұлдыздар»  ауылынан келген қонақтар «Бесікке салу»атты салт- дәстүрін көрсетеді, қарсы алып тамашалаңыздар!

2-жүргізуші: Иә, қандай керемет дәстүр десеңші!

1-жүргізуші: Әрине ,Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы көрсетіп  кету  дұрыс деп санаймыз.

Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Сізді сонша аңсап ел,
Би билеп,ән салып
Ортаға салып береді- деп   келесі кезекті биге берйік.                                                            Би: «Қазақ биі» 2-топ

 

 

 

 

1-жүргізуші: Құтты болсын әр күнің,

Сыйла, бақыт баршаға.

Сәбидің әсем шат үнін

Тыңдат абзал анаға.

Наурыз – достық,

Наурыз – күн.

Барша халық бірлігі.

Тағы келді ұлыс күн.

Жалғасып ғалам тірлігі –деп «Қуырмаш»  ауылынан келген қонақтар «Қырқынан шығару» атты салт- дәстүрін көрсетеді, қарсы алып тамашалаңыздар!

2-жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

 Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы! -деп ендігі  кезекті қазақтың ұлттық ойындарына берейік .

Ойын: «Арқан тарту»

1-жүргізуші:

Қаз-қаз балам,қаз балам

Қадам бассаң мәз болам

Қаз-қаз балам,қаз балам

Тақымыңды жаз балам-деп «Құлыншақ»  ауылынан келген қонақтар «Тұсау кесу» атты салт- дәстүрін көрсетеді, қарсы алып тамашалаңыздар!   

2-жүргізуші: Келесі кезекті қазақтың ұлттық ойынына кезек берейік

Ойын: «Мөданақ»                            

1-жүргізуші:

Боз ала ауыл жастары

Бозбала күнін бастады

Боз жаулық жауып қыздарға

Шаңырақ құра бастады –деп «Сұңқар»  ауылынан келген қонақтар «Беташар» атты салт- дәстүрін көрсетеді, қарсы алып тамашалаңыздар!                                 2-жүргізуші:                                                                                                                              Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді
Қуанышта ел енді
Наурыз келді, салтымыз
«Көгерсін»деп халқымыз
Көшеге тал егеді.                                                                                                                   Ән: «Нұрлы көктем» хор

 

 

 

 2- жүргізуші: 

Қош келдің,

Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты кезекті батаға берейік.

ҚЫДЫР АТА:  (Алихан )

Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын! Әумин!

Наурыз Әже:

«Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған  қонақтарға шашу шашу)                              

 1-жүргізуші:

Балалар! Сендердің бүгін өнерлеріңді тамашаладық, үлкен тойының куәсі болды, тойларың тойға ұласа берсін халқымыз тыныш, еліміз аман болсын!

Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы деп дастарханға шақырамыз.

 

 

 

 

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст