АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің отырысы

13.10.2022

  «Қуаныш» МКҚК қамқоршылық кеңесі отырысының

 №1 хаттамасы

Өткізілген күні: 11.10.2022 жыл

Қатысқандар: балабақша меңгерушісі,балабақша әдіскерлері, қамқоршылық кеңесінің мүшелері:

Күн тәртібі:

1.Бөбекжайдың қамқоршылық кеңесінің жұмысымен  таныстыру.

2.Кеңес мүшелерінің кеңесінің төрағасын, хатшысын сайлау.

3.Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын құру бекіту.

4.Әр түрлі сұрақтар

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, балабақша меңгерушісі Б.Н.Омарова балабақшада ұйымдастырылып жатқан Қамқоршылық кеңесінің жұмыс мазмұнымен таныстырды. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілетінін айтып өтті. Балабақшадағы құрылып отырған Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне әрбір параллель топтан бір ата-ана, Әдіскер қалалық білім бөлімінің ГОО Омирзакова Алия Жанакановна.  Қамқоршылық кеңестің өкілеттігімен балабақша әдіскері Амрина Ж.А таныстырып өтті.

   Екінші мәселе бойынша, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері арасынан төраға сайлану қажеттігі айтылды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өзара пікірлесе келіп , Қамқоршылық кеңесінің төрағалығына Ташенова  Алия  Кургунбаевна ұсынды. Қамқоршылық кеңесінің хатшысы болып бөбекжайдың әдіскері Амрина Ж.А тағайындалды.

Үшінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары талқыланды. Меңгеруші Б.Н.Омарова қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарына бөбекжайдағы мемлекеттік қызмет көрсетуді (балаларды бөбекжайға қабылдау) , тамақтануды ұйымдастыру,балабақшадағы білім беру қызметінің сапасы сияқты мәселелерді қоюға болатыны жайлы ұсыныс айтты.

Қамқоршылық кеңес мүшелері жұмыс жоспарының жобасын талқылап, өз ойларын ортаға салды. 2022 жылдың қыркүйек айынан 2023 жылдың мамыр айына дейін 3 отырыс өткізіледі деп шешті. Келесі отырыста балабақшадағы мемлекеттік қызмет көрсетуді, 2022-2023 оқу жылына арналған балабақшаның жұмыс жоспарымен, қойылатын мақсат,міндеттерімен танысу мәселелері қаралатын болса, одан кейінгі отырыстарда тамақтануды ұйымдастыруды бақылау, балабақшада жүргізілетін науқастанудың алдын алу және сауықтыру шаралары бойынша жұмыстармен танысу , бала құқығының қорғалу жағдайы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысу, түзете-дамыту жұмыстарының барысы, жазғы сауықтыру мезгіліндегі шынықтыру шараларымен танысу, жазғы сауықтыру мезгіліндегі іс шараларды бірлесе өткізуді жоспарлау, қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары жайлы есеп беру сияқты мәселелер қарастырылатын болды.

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері осы мәселелер бойынша жұмыс жоспарының бекітілуіне келісті.

Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, төмендегідей шешім қабылданды:

       1.Қамқорышылық кеңесі мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағасы болып Ташенова А.К. сайлансын.

2. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілсін.

          

 

 

 

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:                                 Ташенова А.К.

 

Хатшы:                                 Амрина Ж.А.

 

 

 

 

Мүшелері:

Омирзакова Алия Жанакановна -әдіскер қалалық білім бөлімінің ГОО Ташенова А.К. - қамқоршылық кеңесінің төрағасы

Кантаева А.Ж

Абдикаримова Р.А

Айтмаканова А.А

Сәттар А.С

Нуржанова Д.С

Ибраева С.Б

Шуматова М.М

Исина А.М

Кумарова Ш.М

 

 

Просмотров: 337


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст