АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің Отаным - Қазақстан», Бектемирова Д.С.

22.10.2022

Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»

Мақсаты:

 Балаларды туған өлкемен  таныстыра отырып, өз туған елінің  ерекшелігін  сезінуге үйрету, ең бастысы жас ұрпақ бойына өз туған жерін- туған елін білугуге үйрету. Туған өлке, атамекен туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: баланы шығармашылыққа баули отырып, Отанға деген, туған еліне деген көз қарасын дамыту, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, бойына қалытастыру.
Тәрбиелік: Еліне, жеріне деген патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивтік тақта, «Рухани жаңғыру» көрмесі, үй жануарларының макеті.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, ойын, тусіндіру.

Ұйымдастыру кезеңі:  Тәрбиеші балалармен бірге алаңға  шығып ойын ойнауға ұсынады. Бір бала тақия тастамақ ойнайық деп айтады. Сол кезде тарс-тұрс етіп жерге дөңгелек шар түседі. Балалар бұл не нәрсе деп жақындайды. Бұл шар қайдан келді деп таңқалады. Тәрбиеші барып ұстап көреді, сол кезде ол ашылып ішінен өзге ғаламшардан келген бала шығады. Жан-жағына қарап  ол қайда келгенін сұрайды. Балалар Қазақстан жеріне келдің деп жауап айтады.

Бала: - Қазақстан,-  деп таңқалады.

Тәрбиеші: Кел, біз саған өз елімізді, туған жерімізді, қалаларды

(  сурет арқылы қалаларды атап, ол қалада не өндіретіні жайлы тұсінік береді.)

Тәрбиеші слайдтан Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін көрсетіп, сол туралы әңгімелейді.

Ойын “Өз туыңды тауып ал”

Барысы: тақтаға көптеген мемлекеттердің туы ілінген. Осы тулардың ішінен өз туыңды көрсет.

Тәрбиеші: Отанға байланысты қандай мақал – мәтелдер біледі?

  • Отан оттан да ыстық.
    — Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
    — Отан – елдің анасы.
    — Отан үшін отқа түс, күймейсің.
    — Отаным — алтын бесігім.

Тәрбиеші: Балалар, енді қонағымызға туған жерімізді көрсетейік.

Қазақстан қалаларының суреттерін көрсетеді.

Балалар: Мынау Алматы қаласы. Алматыда алма өседі.

  • Мынау Астана  қаласы. Біздің елордамыз.
  • Мынау Қарағанды қаласы. Қарағандыда көмір өндіреді.
  • Мынау біздің Көкшетау қаласы. Көкшетауда алтын шығарады.

(Әр қалаларды атап көрсетеді.)

Сергіту сәті:

“Қара жорға”

Балалар ортаға шығып, ұлттық биді билейді.

 

Тәрбиеші: - Ал енді  ауылға барайық өзге ғаламшардан келген қонақ балаға ауылды көрсетейік .

Балалар: Киіз үйдің ішіндегі ілулі тұрған қамшы, төрде тұрған сандық, күбі, торсық, зергелік бұйымдар т.б заттарды көрсетіп атап таныстырады.

Тәрбиеші: балаларға әр нәрсені көрсеткен сайын, сипаттап айтып отырады

Балалар: Киіз үйдің сыртында жайылып жүрген үй жануарларын төлдерімен  атап береді.

Балалар «Төлін тап» ойыныны ойнайды.

Рефлексия: шығармашылық жұмыс «Рәміздер»

Қапшықтың ішінен рәміздердің сүреттерін алады. Жабыспа қағазды түрлі – түсті бояумен бояйды.

Қорытынды бөлім:

Тәрбиеші: Балалр бүгін бізге қонаққа кім келді?

Балалр:Өзге ғаламшардан бала келді.

Сендер не айтып көрсетіңдер? (балалар өз ойын жеткізеді.)

Балалар: Өз елімізді,рәміздерімізді,  ауылымызды, қалаларды, еліміздің байлығын ,

« Қаражорға» ұлттық биімізді көрсетіп айтып бердік.

Тәрбиеші: Балалар, біздің қонақ баламыздың кететін уақыты да болды.

Қонақ бала: Сендерге көп рахмет, сау болыңдар.

Балаларды мадақтау бөлімі.

 

 

Өткізген:

Бектемирова Д.С.

Күні: 19.10.2022 ж.

 

Просмотров: 151


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст