АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әнім саған – Қазақстан !» Республика күніне арналған фестиваль

22.10.2022

«Әнім саған – Қазақстан !»

Республика күніне арналған фестиваль

 

Мақсаты: Балаларға патриоттық тәрбие бере отырып, Отанын сыйлауға тәрбиелеу: қазақ халқының мұрасы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру. Іс-шарадан алған білімдерін нығайту, қабілеттері мен үйренген білімдерін бекіту. Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы  азамат болуға тәрбиелеу.

«Жаса Қазақстан» әні әуенімен №2 «Жұлдыз», №7 «Аққу»,№8 «Құлыншақ», мектепалды даярлық топтарының балалары сап түзеуге музыка залына шығады

Жүргізуші:

Ақжайық, Алтай арасы

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы!

Жерімнің дәні маржандай

Қырманы асқар таулардай

Республикама қарашы!

Шолсаң да биік аспаннан

Қарқырар кені тастардан

Республикама қарашы!

Шырқаған сайын тірегі

Республикама қарашы!

Армысыздар бөбекжай бүлдіршіндері және бөбекжай ұжымы!

Бүгінгі Республика күніне арналған: «Әнім саған - Қазақстан»-атты  фестивалімізді ашық деп жариялаймыз!
 

Гимн

 

Жүргізуші: Қазақстан Республикасында жүз отыздан дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда. Алдағы уақытта Тәуелсіз елімізді мақтан етіп, оның өсуіне  одан да әрі қарай өркендеуіне біз де үлесімізді қосайық -дей отыра, №2 «Жұлдыз»,№7 «Аққу», №8 «Құлыншақ» мектепалды даярлық тобы балаларының орындауында  өлен жолдарын қабылалыңыздар:                                                                         Балалардың орындауында өлен жолдары                                                                                      
Жүргізуші: Республика! Ерiктi ел Қазақстан!
Келдi ақыры көптен күткен жаз алыстан,
Келдi аңсатып, алыстатып, армандатып.

Гиорды бұзған, мен де бiр аз арыстан

 1990 жылдан бастап қазанның 25-сі – Республика күні. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таниды. Біздің еліміз дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттермен жан-жақты карым – қатынас жасайды.

 Ән: «Туған елім Қазақстан»  - орындайтын №8 «Құлыншақ» мектепалды даярлық топтың тәрбиеленушісі Меруерт Сатыбалдинова.

Жүргізуші :

Рәміздерім - ұлттың басты нышаны,
Адал досқа ашық қазақ құшағы.
Көздегенін бағындырған қырандай,
Шың-құз асып, көкте биік ұшады.

1992 жылы 4 маусымда біздің мемлекетіміздің тарихына алтын тармақ ретінде кірді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне мыналар кіреді: Ту.Елтаңба. Әнұран.

 

Ән: «Мемлекеттік рәміздер » - орындайтын №2 «Жұлдыз» мектепалды даярлық топтың тәрбиеленушілері.

 

Жүргізуші: Бөбекжайы балалары Отанымыздың ұрпақтары.Жақсы оқып,үлгілі,тәртіпті болуы бөбекжайдан басталады. Өз елі мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі біздің бүлдіршіндер ! – дей келе , №7 «Аққу» мектепалды даярлық тобы балалардың орындауында әнін қабылалыңыздар:                                                                                              Ән:  «Балдырғандар»                                                                                           Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жөнінде Заң қабылданды. Көптеген жерлерде оқу орындары, бөбекжайлар,балабақшалар, өндірістік тағы басқалар ашылып, көркеуідеміз – дей келе, келесі сөз кезегін әнге берейік:                                                                                                                                       №2 «Жұлдыз», №7 «Аққу»,№8 «Құлыншақ», мектепалды даярлық топтар балаларының орындауында :

Ән: «Қазақстан балалары»

Жүргізуші:

 Құрметті балалар, бөбекжай ұжымы, бүгінгі мерекелеріңізбен сіздерді құттықтаймыз. Қазақстанның болашағы гүлдей жайнай берсін!

Жүргізуші:

Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін.

Қайта тудым өмірге қайта келдім

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Жаса – жаса мәңгіге туған елім.

Осыменен «Әнім саған - Қазақстан» - атты фестивалімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып келгендеріңізге, ынта қойып тыңдағандарыңызға көпте - көп рахмет!

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар !!!

 

Музыка жетекшісі: А.А.Бейсембаева

Просмотров: 151


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст