Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
Тақырыбы: «Ұлттық ойынмен шыңдалайық!»
Максаты: Қазақстан Республикасы туралы түсінік беру. Ұлттық ойындарды рольдермен орындауға, баланың халқына,еліне,жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,адамгершілікке,патриотгық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілік:атрибуттар, тақия, 2 ат, асықты таяқша, арқан, қамшы кеглилер.
Әдіс-тәсіл: әңгіме,түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын.
Балалар музыка әуенімен кіреді.
1.Балалар шеңбермен жүріп қыздыру жаттығуын жалаумен жасайды. 2.Жалпы жаттығу жасалады
Д/ш нұсқаушысы: -Сәлеметсіңдер ме,балалар!Бүгінгі Қазақстан Республикасы мерекесімен құттықтаймын! Болашақта денсаулығы мықты,ақылды болып өсулеріңе тілектеспін.
-Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
-Олай болса,Қазақстан Республикасы күніне арналған тақпақтарымыздан бастайық:
Мақсат: Отаным менің Қазақстан.
Мәнгілік сеніменмақтанам,
Саянда жүрсем ардайым,
Күлімдеп жұрем бақ табам.
Шынтас: Отаным менің Қазақстан,
Ыстық қой сенің топырағын.
Орманым,көлін,бау бағын,
Қастерлеген қазағым.
Д/ш нұсқаушысы: Өте жақсы. Ал, енді балалар екі қатарға бөлінеміз.Балалар қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер!
Қазақтың ұлттық ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен, өйткені ол бүгінгісін байланыстырған баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.
Ендеше балалар бірнеше ұлттық ойын ойнап жаттығайық.
1 топ: «Ұландар» командасы
Ұраны: Бәріміз – біріміз үшін.
Біріміз – бәріміз үшін.
2 топ: «Тұлпар» командасы
Ұраны: Жүзден – жүйрік
Мыңнан – тұлпар.
1-ойын: «Бәйге»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа,шапшаңдыққа,достық қарым-қатынасқа баулу.
Ойын шарты: Әр топтың алдына 3 - 4 м қашықтықта межелер белгіленді.
Екі топтың балалары (арақашықтық 2м) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.
2-ойын: «Асықты таяқша пирамидасы» ойыны
Мақсаты: Зейінділікке,шапшаңдылыққа баулу
Шарты: Үлгіге қарап асықты таяқшадан пирамидалар құрастырады.
Д/ш нұсқаушысы:- Ал, балалар ойын сендерге ұнады ма? Ұнаса біз әрі қарай жалғастырамыз.
3-ойын: «Тақия тастамақ»
Мақсаты: ойынға деген қызығушылық сезімдерін дамыту арқылы ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа тапқырлыққа баули тәрбиелеу.
Шарты: балалар шеңбер бойымен жағалай отырып, ойыншы болып сайланған бастаушы бала өлең сөздерін айта жүріп қимылмен «тақияны» бір баланың артына қояды. еп шеңберді айналып келіп «тақия» тасталған баланы қуады.
Д/ш нұсқаушысы: Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Көңілді әуен сазымен,
Қызық ойын әрі қарай бастаймыз.
4-ойын: «Арқан тарту»
Мақсаты: Балаларға қимыл-козғалыс ойындарын ойнату арқылы бойларын жазып, жылдамдықтарын, күш-жігерін арттыру.
Шарты: Балалар тең 2 - ге бөлініп арқан тартып күш сынасады.Үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос-қолдан ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі.
Д/ш нұсқаушысы:
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Ұлттық ойынмен шыңдалайық!» атты Қазақстан Республикасы күніне арналған тақырыптық іс-әрекетті аяқтаймыз. Белсенді қатысқандарыңа рахмет!
Дене шынықтыру нұсқаушысы:
Б.С.Касенова
20.10.2022