Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
« Алтын күз!»
Күз мерекесіне арналған ертеңгілік: « Алтын күз!»
Музыка залы күз мерекесіне орай әдемі безендірілген. Балалар музыка ырғағымен залға кіріп, жарты шеңбер құрып тұрады.
1.Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар,қонақтар баршаңызды «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын. Биылғы күз бәріңізге құт береке, молшылық әкелсін.
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз деп «Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған!» ертеңгілігімізді әсем әнмен бастайық..
Ән: «Күз келді»
Келесі кезекті балалардың тақпақтарына береміз.
Ернияз:
Құстар қайтты күз болып
Сұр бұлт жапты аспанды
Жапырақ түсіп ,гүл солып
Қыс ызғары басталды
Айханым:
Мерейлі күз, мырза күз
Сыйлығыңа ырзамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз
Сафия:
Алтын сары, қызыл көк,
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Әлім:
Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Камель:
О, алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді атырап
Аңсар:
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.
Жүргізуші:-Балалар қазір бізде қандай жыл мезгілі?
Бұлттар төніп жаңбыр төгіп
Жапырақтар сарғайды
Өңі тайып сұры қашып
Денеі мұздап тоңады
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
-Күзде бізге қонаққа кім келеді?
2.Залға сазды әуенімен «Алтын күз» кіреді.
Амансыңдар ма балалар,
Ерінбестен еңбек етіп келетін.
Еңбекшіге бар жемісін беретін,
Мен –Алтын күз
Ынтымақты еліме
Берекелі ырыс болып енетін.
Жүргізуші:Қош келдіңіз «Алтын күз»жоғары шығыңыз, біздің балалардың әндерін, билерін және тақпақтарын тамашалаңыз.
Мансұр:
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
Самира:
Ел егінін жинайды
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Амира:
Астық дала –сәулеті
Астық Отан- дәулеті
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Абдумусаввир:
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
Сезім:
Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Күз келеді жар салып
Күзгі суық басталды
Мадина:
Қойны толы тәтті нан
Тәттісі көп не түрлі
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз , алтын күз.
Алтын күз:Мен де құр бос келген жоқпын.Сендерге ойын ала келдім.
Ойын: «Картоп жинау»
Шарты: Картопты жылдам жинау.
Жүргізуші:-Келесі кезекте бүлдіршіндеріміздің бидін тамашалаңыздар.
Би: «Жапырақтар»
Жүргізуші: Күз туралы тақпақтарымызды жалғастырамыз.
Алиса
Күзім ау, күзім ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау
Даниял:
Сезілген соң күз лебі
Құстар қайта бастады
Тырналардың тізбегі
Солдаттардай саптағы
Аягоз:
Сап-сарығып даланы
Боятты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен
Тимур:
Жатыр дала атырап
Жаз шуағын мол құйды
Күн астында алтын дән
Тербеледі толқиды
Даяна:
Жемісті мол беретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Жүргізуші: Келесі кезекті әнге береміз.
Ән: «Жаңбыр»
Би:» «Күзгі вальс»
Жүргізуші:-Тақпақтарымызды жалғастырайық.
Тақпақтар:
Мирас:
Күзде жайнап ашыла
Күннің нұрын кешкендей
Алма ағаштың басына
Қызыл қарбыз өскендей
Жанали:
Апорт деген алманың
Таттың ба сен бал дәмін
Апорт деген тәтті алма
Өседі ол бақтарда.
Амір:
Алқаптағы бидайды
Қоймаға ел жинайды
Тырнасы тізілген
Ұнатамын күзді мен
Али:
Бақ ішінде алмалар
Бар жемістен бағалы
Көрген адам таң қалар
Көздің жауын алады
Жүргізуші:Ойын: «Жапырақтар жинау»
Шарты: Кім жылдам?
Тақпақтар:
Арлен:
Тіл үйірген шырыным
Жемістердің бірімін
Мен маржандай шиемін
Ұнатамын күн нұрын
Айша:
Апорт деген алма бар
Алматы оныі Отаны
Ондай алма қайда бар
Жерді жарған атағы
Дамир:
Толықсыған тасқындай
Көк жиекпен ұштасып
Күн астында ақ бидай
Билейді қол ұстасып
Малика:
Берекесін сыйлауға
Өлкемңзге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Жүргізуші:Біздің балалардың «Шалқан» ертегісін тамашалаңыздар.
Ата-Ернияз
Әже-Айханым
Қыз-Сезім
Ит-Аңсар
Мысық-Мирас
Тышқан-Арлен
Жүргізуші:-Біздің балалардың орыс тілінде тақпақтарын тамашалаңыздар.
Алтын күз:Айналайын балалар !Енді сендермен қоштасамын.Сендерге арнап әкелген сыйлығым бар,апайларың топқа барған соң береді. Сендерге зор денсаулық,мол бақыт тілеймін.Қош сау болыңдар!
Жүргізуші:-Балаларымыздың әнімен ертеңгілігімізді жалғастырайық.
Ән: «Күз тамаша»
Жүргізуші:-Құрметті қонақтар осымен «Сұңқар» тобының дайындаған мерекелік ертеңгілігі аяқталды.Назар қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
№5 «Қарлығаш »кіші тобының
тәрбиешілері: Ескендирова А.Н
Темиртас Н.М
28.10.2022 ж