АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Арайлы алтын күз", ересектер тобы

02.11.2022

"Арайлы алтын күз"

Ән-саз залы күз мерекесіне орай әдемі безендірілген. Балалар музыка ырғағымен залға кіріп, орындарына отырады.

Тәрбиеші:  Сәлеметсіздер ме құрметті ата- аналар, армысыздар ұлағатты ұстаздар. «Арайлы алтын  күз» мерекесіне қош келдіңіздер!

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын жаз,

Сары алтынға малынған

Жетті міне Алтын күз!

Берекелі- мерекелі «Арайлы алтын күз» құтты болсын! Балалар, күзде күн салқындап, адамдар жылы киіне бастайды. Ағаштардың жапырақтары сарғаяды. Құстар жылы жаққа ұшады. Күз мезгілінде көкөністер, жеміс –жидектер піседі. Ендеше, балалардың күз мезгіліне арналған тақпақтарын тыңдайық.

 (Балалардың тақпағы)

 Меруерт                                                  

Күн суытып.

Жапырақтар түседі .

Астық –жеміс жиылды ,

Қамбамызға құйылдық.

Артем

Ақтарды мырза күз ,

Уылжыған жемісті

Күзге бізде ризамыз ,

Аянбаған ел үшін

 Азиза

Қуандырып біздерді ,

Кел жемісті алтын күз,

Өлкемізге күз келді

Кемелдейсін халқымыз

 

 

 

 

 

 С Санжар

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз .

Құтты болсын мереке ,

Алтын күзді тойлаймыз

 Аружан

Алақай Алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті дән пісті.  

Айтамыз алғысты  .

Раяна

Жеміс мол теретің

Күз дос екен бізбенен.

Бәрің тауып беретің ,

Жомарт екен күз деген .

Ән: Күз келді

Тәрбиеші:  Балалар, бізге  «Күз ханшайымы» қонаққа келе жатыр екен. Қол соғып қарсы алайық.

(Залға музыка әуенімен күзханшайымы  келеді)

Күз ханшайымы:Ерінбестен еңбек етіп келетін

                                Еңбекшіге бар жемісін беретін

                                Мен – «Алтын күз» , ынтымақты еліме

                                Берекелі, ырыс болып енетін!

Сәлеметсіздер ме балалар, сәлеметсіздер ме қонақтар!

Тәрбиеші:  Сәлеметсіз бе Күз ханшайымы. Қош келдіңіз біздің мерекемізге!  Төрден орын алыңыз, балалардың сізге арнаған өнерін тамашалаңыз.

Күз ханшайымы:  Балалар, сендер мен туралы көп біледі екенсіңдер. Енді менің жұмбақтарымды шешіп көріңдерші.

1-жұмбақ : ер астында жез қазық

                    Жеуге болар ас қазық        (сәбіз)

2-жұмбақ :  Көк лағым көгенде жатып семірді     (қарбыз)

3-жұмбақ :  Әрі қызыл, әрі тәтті

                     Татқан  жанды таңырқатты           (алма)

4-жұмбақ :  Қабат, қабат тоны бар

                      Түймелеуге жетпейді         (орамжапырақ)

Күз ханшайымы:  Жарайсыңдар балалар, сендер менің жұмбақтарымды дұрыс шештіңдер. Өздерің өнерлі, тапқыр балалар екенсіңдер.Ал балалар менің сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр

Күз Ханшайымы:  Ендеше балалар, мен сендермен «дәмін ажырат» деген ойын ойнағым  келіп тұр.Сендер ойын ойнағыларың келеді ме?

Балалар:  Ия, ойнағымыз келеді.

Ойын:«Дәмін ажырат

Күз ханшайымы : Ойынның шарты: ортаға 5 бала шықсын, мен сендердің көздеріңді байлап, ауыздарыңа жеміс саламын. Сендер сол жемістің дәмін татып көріп, қандай жеміс екенін айтасыңдар.

Тәрбиеші:  Ал, енді балалар, қонағымызға  ән тақпақ айтып  берейік.

Ән :Күз тамаша

(Балалардың тақпағы)

Нұрхан

Күзім –ау, күзім –ау ,

Мінезің бұзық- ау

Жаңбырын сіркіреп ,

Келгеніңм қызық ау.

 Ясмин

Жеміс –жидек пісті

Қамбаға астық түсі,

Қызу жұмыс басталып ,

Жинап алды жан салып .

 Асадуллах

Сап -сары маңай ,

Сап-сары тоғай ,

Соңғы әнің айтып ,

Құс кетті кайтып .

 Малика

Нұрға бөлеп өмірді 

Жырға бөлеп көңілді ,

Жарқыраған сәулелі,

Күз әуені төгілді .

 

 Қанат Санжар

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды ,

Күз әуені кеп жетті ,

Әнге бөлеп жастарды

 Науан

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егің

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегің .

Аймира

Күздің қазан айында

Алма алмұрт піседі ,

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр –сыбдыр түседі .

 

 

(Музыка әуенімен сайқымазақ кіреді)

Сайқымазақ:  Сәлеметсіздер ме, балалар! Дауыстарың жарқын естіледі. Қандай мереке тойлап жатсыздар?

Балалар: «Алтын күз» мерекесі.

Сайқымазақ:  Олай болса балалар, маған айта қойыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі.

Сайқымазақ:Балалар мен сендермен  бір ойын ойнағым келіп тұр

Ойын қолшатыр кімге тиеді 

Шарты: балалар шеңберде жатқан қолшатырдың жанына тұрады. Музыка ойналады балалар билеп жүреді, музыка тоқтағанда балалар қолшатырдың жанына тұра қалу керек, қай балаға қолшатыр жетпей қалса , сол бала ойыннан шығып отырады.

Барысы:Сайқымазақ балаларға қолшатырды көрсетіп: Бұл не ? – деген сұрақ қояды.

Балалар : қолшатыр.

Сайқымазақ:Ал енді осы қолшатырмен бір ойын ойнағыларың келеме?

Балалар: ия ойнағымыз келеді.

Музыка ойнаған кезде балалар шеңбермен қолшатырды айналып билеп жүреді, музыка тоқтағанда әр бала бір қолшатырды қолына үстап отыра қалу керек, қолшатыр жетпей қалған бала ойынныңшарты бойынша , ойыннан шығады, тәрбиеші бір қолшатырды алады

Тәрбиеші :Ал  балалар қонақтарымызға Би билеп бересиндерме

Би Саңырауқұлақтар: қабыл алыныздар

Амина

Келеді көшіп комбайын

Алтын дария егінді,

Жинап маржан бидайын,

Күзіміз неткен көңілді.

 

Айя

Келді міне күз 

Айнала сары түс

Керемет тамаша,

Қандай әсем күз

 

Арнұр

Жеміс жидек пісті

Қамбаға астық түсті,

Қызу жұмыс басталып,

Жинап алды жан салып

Санжар

Келді міне алтын күз

Айнала сары түс

Керемет тамаша

Қандай әсем күз

Амир

Алтын сары

Алуан –алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Данэлия

Жапырақ ұшты

Суық та түсті

Сонда да бізге

Қызық көп күзде

 Аделия

Нұрға бөлеп өмірді

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі ,

Күз әуені төгілді .

 Шерхан

Күз мезгілі тамаша ,

Көз тоймайды қараса

Аяқ асты сап -сары ,

Төселгендей тамаша.

 

Айару

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс ,

Алдық өнім сыйымды

 

Ердос

Көрініп еліме

Күндері мереке ,

Келді гой жеріме

Күз дейтін мереке.

 

Айзере

Сарғайды Торғай

Сап –сары маңай,

Соңғы әнин айтып

Құс кетті кайтып .

 

Рахман

Жеті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Тәрбиеші:  Балалар, қане бәріміз тыңдайықшы, бізге біреу келе жатқан секілді.

(Осы кезде қонаққа  қоян келеді)

Қоян:  Сәлеметсіздер ме балалар!

Балалар:  Сәлеметсіз бе

Жабырқаулы қоян Мен Аю досымды жоғалтып алдым 

Қоян:  Балалар, сендер менің көңілімді

 көтеріп «сәбіз жинау» ойынын ойнайсыңдарма?

Балалар:  Ия, ойнаймыз

Қоян: Ойынның шарты: 2 топқа бөлініп, жерде жатқан жемістердің ішінен себетке тек қана сәбіздерді жинап салу керек.

Ойын:«Сәбіз жинау»

Қоян :балар сендердің тағы қандай өнерлерің бар

Тәрбиеші :Би жапырақтар қабыл алыңыздар

Аю келеді.

Аю: сылдырмақпен шығады

Сәлеметсіңдерме балар сендерде мерекеи болып жатырма

Балалар: ия

Аю: балалар менің аспатарыммен ойнайсыңдарма

Балалар: ия

Тәрбиеші: баллар бізге келген қонақтарымызға ән айтып берейік

Ән: Тук-тук кап-кап

 Тәрбиеші: Құстар қайтты ән салып,

                    Бұлт торлады аспанды,

                    Қыс келеді жар салып

                    Күзгі суық басталды.

Осымен меркелік ертеңгілігіміз аяқталды, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп- көп рахмет! Сау болыңыздар

Марапаттау

                                                                                   Дайындаған: 

                                                                                   Габдуллина С .М.

                                                                                   Бектемирова Д. С.

Просмотров: 198


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст