АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Берекелі күз келді», ортаңғы топ

02.11.2022

«Берекелі күз келді»

 

Балалар, музыка әуенімен залға кіріп өз орындарына отырады.

Залдың іші орман бейнесімен безендірілген.

 

Күз Аруы:Сәлеметсіздер ме, балалар, құрметті  қонақтар!

Мен Алтын күзбін!

Молшылыққа толы, берекелі  Алтын күз мерекесі құтты болсын!

Балалар табиғаттың бізге берер байлығымен, берекесін, мерекесін сыйлайтын алтын күзіміз де келіпті. Менің әсем көрікті күзгі бағыма қош келдіңіздер!  

Күз Аруы: - Балалар менің орманыма келген балалар тақпақ,өлең айтып,би билеуі керек. Кім маған өлең,тақпақтарын айтып береді?

Ән: «Күз келді!

Тақпақтар:

 Альфия

 Бүгін мейрам бүгін той,

 Қуаныш күн біліп қой.

 Күзгі бақтай сыңғырлап,

 Алақанды соғып қой.  

Айша

Алақай, алақай,

 Шаттанды балақай.

 Күз түсті дән пісті,

 Айтамыз алғысты.

Таймас:

Берекелі күз келді!

Мерекелі күз келді!

Күз жемісті алтын күз!

Кемелденсіз халқымыз

Күз Аруы: - Балалар мен сендерге талдан түскен қызыл-сары түсті жапырақтарым ды алып келдім. Келіңдер би-билейік.                                                                                   

Би:   «Күзгі жапырақтар»                                                                                                           

Күз Аруы:- Жарайсыңдар балақайлар.Балалар айтыңдаршы сендер ертегіні тыңдағанды, көргенді жақсы көресіңдер ме?

Балалар: - Ия!

Күз Аруы: - Олай болса, мен сендерге «Күзгі орман» ертегісін ала келдім. Себебі бұл орманда біздің достарымыз өмір сүреді. Ал, сендер ормандағы қандай аңдарды білесіңдер?

(Балалардың жауабы. Қоян, түлкі, аю, қасқыр.)

Күз Аруы:- Сендер осы орманда дәл қазір не болып жатқанын білгілерің келеме?

-Балалар, бір дыбыстар естілетін сияқты. Мүмкін біздерді бір ғажайыптар күтіп тұрған шығар. Олай болса, қанекей кім екен олар, көрейікші.

. (Музыка орындалады, талдардың арасынан аю шығады.)

Аю:-Мен маймақ аяқ аюмын! Мен орманда жүремін. Және бар даусыммен айғайлаймын! Менім апаным қайда? Жолды таппай қалдым ғой!

Күз Аруы:- Сәлеметсің бе, Аю досым, Не болды саған?

Аю: - Сәлеметсіз бе, Күз Аруы! Маған көмек беріңізші. Мен апанымды таппай жүрмін, енді күн суытты ұйықтауым керек.

Күз Аруы:-Аю сен ұйқыға кетер алдында біздің балалардың биін тамашала

Би: «Көңілді күз» (ағылшынша)

Күз Аруы:-Аю сенімен бір ойын ойнайықшы

Аю:Жарайды,ойнасақ ойнайық

Күз Аруы:-«Күн мен жаңбыр»ойыны

Ойын шарты:Күн дегенде секіріп ойнаймыз,жаңбыр дегенде қолымызды төбемізге қойып  отыра қаламыз.

Күз Аруы:- Аю балалар өнері үнады ма?Сен енді мына жолмен бара ғой! Сол жерде сенің апаның бар. Үлкен шырша ағашының түбінде сенің жаңа үйің бар!

Аю:- Рахмет саған Күз Аруы! Рахмет балалар!Керемет көңіл күй сыйладыңдар.Мен енді тыныш ұйықтайтын болдым.. Көктем мезгілі келгенде сол кезде оянамын.

Күз Аруы:-Балалар, енді сендер аю сияқты маймаңдап жүре аласыңдар ма?

(Аю маймаңдап кетеді)  Балалар  аю сияқты маймаңдап жүреді.

 

(Музыка орындалады, талдардың арасынан қоян секіріп шығады.)

Қоян:- Ой, мен сондай шаршадым, жаурадым, тоңдым. Міне күз мезгіліде келді, күн суыта бастады. Менің мұрным, құлағым, құйрығым тоңды. Орманда енді суық басталды. Енді қайда барамын. Қайда барып жылынамын. АПЧХИ!!!!!!

Күз Аруы:- Сәлем Қоян досым! Неге сондай көңілсізсің? Қайда бара жатырсың?

Қоян:- Сәлеметсіз бе, Күз Аруы! Мен тоңып қалдым

Күз Аруы:- Қоян сен уайымдама! Ұзын құлақ сұр қоян сен балалармен секіріп өлең айт,би биле.

Күз Аруы: Балалар, сендер қоян сияқты секіре аласыңдар ма?

Балалар қоян болып секіреді.

Күз Аруы:-Балалар ақ қоянға өлең айтып берейік

Ән: «Қолшатыр»

Күз Аруы:- Балалар, жарайсыңдар! Енді сендер маған жапырақтарымды жинап беруге көмектесіңдерші. Қоян сенде ойна!

Ойын: «Жапырақтарды тез жинау»

Күз Аруы:Қоян саған балалармен ойнаған ұнады ма?

Қоян- Әрине ,ұнады.Күз Аруы мен қысқы азыққа тиін досыммен  алманы көп етіп жинағанмын. Балаларға берсем бола ма?

Күз Аруы:- Әрине, Қоянжан балаларға беруге болады. Олар қуанып қалады.

(Қоян себетке салынған алманы балаларға береді. Балалар рахмет айтады.)

Қоян:- Рахмет балалар!  Қандай керемет .маған қатты ұнады.Күз Аруы . Денем енді жылынды.Рахмет мен орманыма кеттім.Сау болыңдар!

Балалар:Сау бол!

 (Қоян жүгіріп шығып кетеді.)

Күз Аруы:-Балаларкүзге арналған  тақпақтарымызды айтайық

Айсұлтан:

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген

Б.Амина:

Күз келіпті тамаша,

Айдын далаға қараса.

Сарғайған көп жапырақ,

Сан жетпейді санаса

Адема

Құстар қайтты күз болып,

 Сұр бұлт жапты аспанды.

Жапырақ түсіп, гүл шолып,

 Қыс ызғары басталды.

Муслима

Мерейлі күз, мырза күз

Сыйлығыңа  ырзамыз

Аппақ  арай  таңыңда

Шомыламыз  нұрға біз

 

Күз Аруы:- Ән: «Жаңбыр»(таңертең жаңбыр жауып)

 

Күз Аруы:- Айналайын балалар.Мерекеміз бүгінгі,Естен кетпес күн болар -  осымен «Берекелі күз келді» мерекеміз  аяқталды. Сау болыңыздар!!!

 

 

                                                            Өткізген: Танатова Ш.О.

                                                                                                       Есекеева М.Ш.                        

                                                                                 № 10 «Ботақан» ортаңғы топ   02.11.2022

 

Просмотров: 269


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст