АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алтын күз әсем айналам, Еліне береке сыйлаған !», мектепалды даярлық топ

02.11.2022

 Тақырыбы: «Алтын күз әсем айналам,

                            Еліне береке сыйлаған !»
Залға музыка әуенімен балалар кіреді.
(Балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойында тұрады)
 

 Мақсаты :  Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Зал мерекеге сай безендірілген .Әдемі ән ойналып тұрады . Бүлдіршіндер, тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.  Балалардың қолдарында жапырақтар.

Күзгі «Қырманға кел» биімен шығады.

1.Жүргізуші:( Аружан)

Қарсы алайык бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр беріп
Армысыздар құрметті,  ата аналар ,ұстаздар және « №8 .Құлыншақ »тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша  «Алтын күз әсем айналам,

                            Еліне береке сыйлаған»   атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған,   сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады . Ендеше ертеңгілігімізді бастаймыз.
 

2.Жүргізуші: Амина

Алтын күз ,жаңбырлы күз,
Жомарт күз,суығына шыдайтын,
Сұлулығына көз тоймайтын ,
Балалардың орындауында әнге кезек берейік.

Ән: «Күз тамаша»

 

Амир

Күздің қазан айында,

Алма алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді. тақпақ айтуға Аишаны шақырамын

 

Аиша:

Келеді көшіп комбайн,
Алтын дария егінді.
Жинап маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді.                                        

Алтын күздің тойына  арналған тақпақ айтуға Нұрдосты шақырамын.

            .                                        

Нұрдос:

Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі. Тақпақ айтуға Аянатты шақырамын

 

Аянат

Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды. Тақпақ айтуға Айлананы шақырамын

 

Айлана
 Кун суытып
Жапырақтар түседі.
Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды. Тақпақ айтуғаКаримды шақырамын
 

 

Карим

Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз,
Өлкеізге күз келді
Кемелдесін халқымыз.

 

Тақпақ айтуға Алинурды шақырамын

 

Алинур

Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен.

Тақпақ айтуға Алиханды шақырамын

 

Алихан

Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр.

 

 

1.Жүргізуші:( Адия)

Күзім ау күзім ау мінезің қызық ау

Жаңбырың сіркіреп келгенің қызық ау деп- осы

Жаңбыр әніне кезек берейік.
Ән: «Күзгі жаңбыр»

 Жүргізуші: ( Адия)

Балдырғандар бүгінгі
Еркелігін тастайды
Күз туралы сіздерге
Тақпақтарын бастайды Тақпақ айтуға Ахметті шақырамын.

 

Ахмет

Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген Тақпақ айтуға Зерені шақырамын.
 

Зере

 Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін

Тақпақ айтуға Мансурды  шақырамын.

 

 

Мансур

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жамырап Тақпақ айтуға Айымды шақырамын.
Айым

Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз. Тақпақ айтуға Ясминді шақырамын.

 

Ясмин

Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау .Тақпақ айтуға Дарияны шақырамын.

 

Дария

Күздің мынау сыңайы
Күміс селеу самайы.
Сәукеленіп қамысы
Судың салқын маңайы. Тақпақ айтуға Меруертті шақырамын.

 

Меруерт

Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.

Келесі кезекті биге береміз.
 

Би: «Саңырауқұлақтар».

 

Келесі кезекті тақпақтарға берейік.

 

Қасым

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз. Тақпақ айтуға Дилараны шақырамын.

Дилара

Берекесі сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді Тақпақ айтуға Айғанымды шақырамын.
 

 

Айғаным

Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз... Тақпақ айтуға Әлімді шақырамын.
 

Әлім

Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...

 

Балалар, бір дыбыс естіледі ол кім болды екен  .
Күз ханшайымы:(Амели)

 Уа, халайық, дархандалам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!

Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе – сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ

Күзханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар . Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.

 

Жүргізуші: Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар Күзтуралы өлең, тақпақ, жұмбақтар шешеалады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Күз ханшайымы:  (Амели)

Тентек жел шашып кетіпті
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жинап алайық
Қане, қане кім жылдам?!
Ойын «Жапырақ жинау?»
Ойын шарты бойынша ұлдар сары жапырақтарды жинайды, ал қыздар жасыл жапырақтарды жинайды. Соны санайды ,қайсы көп екенін айтады .

Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Өте жылдам екенсіңдер.

Ойын «Кім жылдам үйге кіреді ?

Ойын шарты Балалар билеп жүреді жел соғып жауын жауғанда үйге  тез кіріп кету керек. 

Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.

Жүргізуші

Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ойланайық, толғанайық
Күз туралы әнге айтайық

Ән: «Алтын күз»
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің

сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.

.Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет .Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.

Күз ханшайымы:Амели

Берекелі бақдәулет

Артта түссін тойланып.

Сауболыңдар, балалар,

Келгенше жыл айланып.

(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)

Қош бол,Күз ханшайымы.

1.Жүргізуші:( Аружан)

Қарсы алайык бәріміз
Жасымызбен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұр беріп
Армысыздар құрметті,  ата аналар ,ұстаздар және « №8 .Құлыншақ »тобының бүлдіршіндері. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша  «Алтын күз әсем айналам,

                            Еліне береке сыйлаған»   атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған,   сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады . Ендеше ертеңгілігімізді бастаймыз.
 

Би: «Күзгі вальс»

Ән: «Алтын күз келді»

Жүргізуші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болсын . Міне, балалар  осымен ««Алтын күз әсем айналам,

    Еліне береке сыйлаған !»» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз   мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.

 

                    

 

 

                 

                                               Өткізген: Шарипова К.К

                                                                                                            Кабдушева Ж.Б.                         

                                                                                 № 8 «Құлыншақ» мдт 02.11.2022

Просмотров: 203


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст