АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "КУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫ  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 
     ГОСУДАРСТВЕННОЕ  КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ  ЯСЛИ- САД  "КУАНЫШ" ГОРОДА КОКШЕТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ        

' } }, { // Опции. // Иконка метки будет растягиваться под размер ее содержимого. preset: 'islands#blackStretchyIcon', // Метку можно перемещать. draggable: false }); myMap.geoObjects.add(myGeoObject); // Скрываем хинт при открытии балуна. myMap.events.add('balloonopen', function (e) { myMap.hint.close(); }); }

Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

​« Алтын күз, әсем айналам!», "Балапан" ортаңғы топ

04.11.2022

 

« Алтын күз, әсем айналам!»

Мақсаты:  Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл- күй орнату. Балаларды ән салуға, би-билеуге, түрлі іс –әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету.

Балалар мерекеге безендірілген залға көңілді әуенмен кіреді.

Жүргізуші: Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Армысыздар ағайын!

 Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Алтын күз, әсем айналам!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

 

Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
1 бала:С.Даяна
Алақай – алақай
Шаттанды балақай
Береке – салты күз
Мереке – Алтын күз.
2 бала: Айсултан
Сап-сары ғып даланы,

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.

3 бала: Жамиля

Алтын,сары,қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

4 бала: Эмир

Көрініп еліме,

Күндері мереке.

Келді ғой жеріме,

Күз дейтін мереке.

 

Жүргізуші: Думан толы асқарлы

                      Күз мезгілі басталды.

                      Күз әуені кеп жетті,

                      Әнге бөлеп жастарды. 

 

Ән: Ал енді балалардың орындауында « Күз » әнің қабыл алыңыздар!

(Балалар жарты шеңберге тұрады, әуен қосылады).

Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады.Ойынның шарты бойынша бір себетке саңырауқұлақтарды жинайды, ал екінші себетке жапырақтарды жинайды.

Ойын «Кім жылдам?» (әуенмен ойналады).

Жүргізуші: Жарайсындар бір тынығып алдық .Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.

Сендер білесіндер ме ол кім?

Балалар: Ол «Күз ханшайымы».

Жүргізуші: Ендеше Алтын күзді ортаға шақырайық.

Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

(Көңілді әуенмен Күз ханшайымы кіреді.)

Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке бақ дарыған,

        Жомарт көңіл жарқын жаз.

        Сары алтынға малынған,

        Алтын күз деген мен болам.

Армысыздар,құрметті қонақтар,кішкентай бүлдіршіндер! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар: Жоқ.

Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап

                      Шақырады жарқын жүз

                      Сайрандаған күліп-ойнап,

                      Келді міне Алтын күз!

Жүргізуші: Жоғары шығыныз, Алтын күз, біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар жаттап келді. Сіз балалардың өнерлерін тамашалаңыз.

5 бала: Алихан

Әң салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік, ойнайық.

6 бала: Малика

Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге,

Қызық көп күзде.

7 бала: Айдана

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

Күз Ханшайымы: - Рахмет, балалар! Мен сендерге бос келген жоқпын, ойын алып келдім

Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма? Ойынның шарты: Түрлі түсті жапырақтардың түстерін  ажыратып (қызыл,сары,жасыл) себеттерге бөліп жинау.

Ойын: «Жапырақтар» (әң қойылады).

Жүргізуші: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе –сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Енді Алтын күз өзіңе арналған «Күзгі жапырақтар» биін қабыл алыңыз.

Би: «Күзгі жапырақтар».

Жүргізуші: Енді балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.

Тақпақтар:
8 бала: Нурали

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.

9 бала: Рахим

Күн суытып

Жапырақтар түседі.

Астық- жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Жүргізуші: Кезегімізді әнге берейік. «Қолшатыр»  әнің қабыл алыңыздар!

Ән: «Қолшатыр»  

Күз ханшайымы: - Рахмет, балалар

Жүргізуші: Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.
Кезегімізді  өлең шумақтарға берейік.

Жүргізуші: Бүлдіршінмен бәріміз,
Отбасындай бір ұямыз
Береміз ендеше 
Би өнеріне кезегін.
Би: «Саңырауқұлақтар» бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы алайық.

Күз ханшайымы: Қандай керемет балалар,жарайсыңдар!

Жүргізуші: Біз ертеңгілігімізді әсем әңмен аяқтағымыз келеді, балалар жарты шеңберге тұрып «Кап-кап, тук-тук-тук» әніне тұрайық.

Ән: «Кап-кап, тук-тук-тук».(Балалар жарты шеңберге тұрады).

Күз : Керемет! Қандай әдемі! Балалар сендер сондай әдемі,өнерлісіңдер. Мені жақсы қарсалып, әң айтып, би билеп қарсы алғандарын үшін көп рахмет! Менде сендерге өзім арнап сыйым бар.

Балалар,енді менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен  кетейін, сау болыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты.

Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз, әсем айналам» -атты ертеңгілігімізді

аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып

Сау болыңдар қонақтар,

Келгенше жыл айналып.

Ертеңгілікті жүргізетіндер:
Жүргізуші:
Бексеитова Р.Г

Алтын күз: Серикова А.Ж.
Би жетекшісі: Гулсумай Мерекеевна
Музыка жетекшісі: Бейсембаева А.А.

 

Просмотров: 480


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст