Бұл кодты телефондағы арнайы бағдарлама немесе камера арқылы сканерлеуге болады (егер мұндай мүмкіндік қолдаса)
"Сары алтындай сары күз»
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Армысыздар ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Сары алтындай сары күз » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ән: «Күз тамаша» қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз
Күз мезгілі туралы сұрақ-жауап.Күз мезгілінде адамдар не жинайды? Жемістер мен көкеністер.Дұрыс айтасыңдар.Олай болса міне менде екі себеттер бар.Бір себетте жемістер,бір себетте көкеністер.Мен қазір жұмбақ жасырамын сендер мұқият тыңдаңдар.
Жұмбақтар көкеністер туралы:
1. Жер астына түседі,
Сап-сары боп өседі. (Сәбіз)
Сәбіздерді біз жинап алу үшін тапсырмасын орынаумыз керек .(Күз туралы тақпақтар білесіңдер?)
Тақпақтар: (8-бала )
1. Келді міне алтын күз. 2. Ой алақай тамаша.
Сары шашты жарқын жүз. Шашу шашты жапырақ
Мол өнімді әр ісімен Бақтын іші алаша
Риза етіп халқын қыз. Аунар ма еді жатып ап
3.Ой алақай,балалар 4.Астық- дала сәулеті
Қоңырқай күз болыпты Астық- Отан дәулеті
Қурап жапырақ солыпты Біздің дала бай дала
Ел егіні орыпты Алтын астық айнала.
5.Алқаптан бидайды 6.Көктемде егін егетін
Қоймаға ел жинайды Күзде жиін беретін
Тырна тізілген Біздің дала бай дала
Ұнатам күзді мен Алтын астық айнала
7.Ел егінді жинайды 8.Жапырақтар ұшады
Қырманға дән сыймайды Желменен айналып
Біздің дала бай дала Жапырақтар түседі
Алтын астық айнала. Аяққа тапталып.
2 Елдің сүйер егісі,
Жер астында жемісі. (Картоп)
Картопты жинап алу үшін тапсырмасын орындайық.(Күз мерекесіне кім келеді білесіңдер ме?) Күз ханшайымы. Дұрыс балалар олай болса Күз ханшайымын шақырайық.
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Ән: «Алтын күз»
3. Жеп көріп ем өзін мен,
Жас шығарды көзімнен.( Пияз)
Пияздың тапсырмасы қандай ойын білесіңдер) Балалар ойын ойнаймыз ба?
Ойын:«Көкеністер»
Шартты: Көкеністердің өз түсімен сәйкестіріп толықтыр.
4. Қыр басында әрқилы,
Сары теңiз толқиды (Егін) дұрыс балалар егіндерді жиау үшін тапсырмасын орындайық. (Мақал-мәтел білесіңдерме)
Мақал-мәтелдер:
1.Екпей егін шықпас-үйренбей білім жұқпас.
2. Жердің сәні егін- ердің сәні білім
3. Егіндікті күз суар- күз суарсаң, жүз суар
4. Арпа, бидай ас екен- Алтын күміс тас екен.
Жүргізуші: Ал балалар бізді жемістер тосып тұр.Қашан бізді жинайды екен деп.
Жемістер туралы жұмбақтар.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
Алмалардың тапсырмалары осындай:( Би билеу білесіңдер ме?)
Би: «Саңырауқұлақтар»
Алмұртар тапсырмасы осындай:( Тақпақтар 8-бала)
Тақпақтар:8-бала
9.Нарттай қызыл алмам бар 10.Алма,алмұрт албырап
Мәз болады алғанда Жеміс-жидек пісіпті
Жазда әдемі киінем Қауын қарбыз балбырап
Тілді балдай үйірем Қамбаларға түсіпті
11.Алтын,сары,қызыл,көк 12.Мейірімі күз мырза
Алуан-алуан жапырақ Сыйлығына ырзамыз
Күзгі бақта күлімдеп Аппақ арай таңында
Көз тартады атырап. Шайыламыз нұрға біз
13.Мен шиемін,шиемін 14.Берекесін сыйлауға
Күннің көзін сүйемін Өлкемізге күз келді
Қышқыл шырын менде бар, Жемістерін жинауға
Төиен басты иемін. Шақырады біздерді
15.Пісіп тұрған алмамын 16.Көктем келе бүрлеймін
Тамсандырар бал дәмін Ең алдымен гүлдеймін
Жерге сілкіп түсірме Шілде болыып пісемін
Ісіп кетер маңдайым. Дастарханға түсемін
Жүргізуші:
Ойын: «Жапырақтарды жинау»
Шартты:Ортаға әр-түрлі жапырақтар шашылады. Себеттерге түстеріне сәйкес жапырақтары жинау.
Тақпақтар:8-бала
17.Көк аспанын мөлдіреп 18.Тіл үйірген алмұртпын
Алтын күзін елжіреп Таңсығымын бар жұрттың
Асыр салып жүре бер Жақсы өсіре алмайды
Сары көйлегін желбіреп Қараса егер салғырт кім
19.Күнді көрсе толғанар 20.Кездескен соң күзге мен
Бұлтты көрсе,шамданар Бұтағынан үзілген
Қысты қазір жолатпа Ай жапырақ сары алтын
Тола түсіп қамбалар . Айналаның бәрі алтын .
21.Баптап тек алма ағашты 22.Алма,алмұрт шиені
Құшағын ол да кең ашты Күннің көзі сүйеді
Күзді күні піскенде Көкөніс күнсіз өсе ме
Алмасынан қарасты Сондықтан ол киелі
23.Үйрек,үйрек,қаздары 24.Ой балалар,балалар
Шулайды көл қоғалы Қоңырқай күз болыпты
Дәурен өтіп жаздағы Қурап жапырақ солыпты
Күздің желі соғады Ел егіні орыпты
25.Жаңбыр,жаңбыр төпеле
Егін басын көтерсін
Менің диқан көкеме
Көп қуаныш әкелсін.
Ән: «Жау-Жау жаңбыр»
Би: «Көңілді би»
Жүргізуші:Алтын күз ханшайымы өзімен кішкентай ханшайымдар алып күз мезгіліне сән үлгілерін қарсы алайық.
Ортаға күз мерекесіне арналған сәнді киімдерімен ортаға шығады.( 4-қыз бала)
Ән: «Күз келді»
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар осымен «Сары алтындай ,сары күз» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Әр отбасына молшылық,табыс тілейміз.Баршаңызға рахмееет.Күз ханшайымы әкелген сыйлықтар таратылады балаларға.
Дайындаған:
Ахмеджанова М.Ж.
Каиргельдиева А.Б.